Бұл жайтқа орай өз ұстанымдарын білдірген азаматтардың аудан әкімі бірінің жерін тартып алса, екіншісінің техникасын алып қойып, үшінші бір - мектеп мұғалімдеріне де теперіш көрсетіп отыр екен. Алайда Іле ауданының әкімі Николай Логутов бұл деректер мен айыптаулардың шындыққа жанаспайтындығын жеткізді. 1998 жылы Заманбек Нұрқаділов Алматы облысының әкімі болып тағайындалған соң Николай Логутов Іле ауданының әкімі қызметіне кіріскен екен.
Енді басшыларының әкімдік қызметіне өз наразылықтарын білдіріп отырған бірқатар Іле ауданының азаматтары Николай Логотов Заманбек Нұрқаділовтың адамы ретінде мемлекеттік қызметті тек өзінің жеке бас қамы үшін пайдаланып келеді деп айыптайды. Олардың айтуынша, Н.Логутов әкімдік қызметке келгелі бері ауданның әлеуметтік – экономикалық жағдайы құлдырап кеткен. Осы наразылық білдіруші топтың жетекшісі «Ремсельмаш» ЖШС бас директоры Анатолий Трегуб аудан тұрғындарының әкіміне соңғы кезде ренішті екенін айтады. Алайда осы мәселеге орай Алматы облысының Іле ауданының әкімі Николай Логутовқа хабарласқанымызда, ол өзіне дейін А.Трегубтың ауданды басқарып, жарықсыз-жылусыз нашар жағдайға түсіргенін, енді депутаттыққа түсіп, осындай жолмен ұпай жинамақ екенін айтты. Дегенменде аудан басшылығымен 6 жылдан бері соттасып жүрген кәсіпкер Марат Досқараев әкімшіліктің заңды белінен басып отырғанын айтады. Сондай-ақ тағы бір кәсіпкер Қайдар Дөненбаев аудан әкімінің өзіне тиесілі жерді заңсыз тартып алғанын айтады. Алайда аудан әкімі Н.Логутов бұл азаматтарға жауап бере алатындығын және де бұл дау сайлау алдындағы билікке қысым деп қабылдайтындығын білдірді. Сөйтіп, наразы топ өз ұстанымдарын ел президентіне ашық хат ретінде жолдайтындықтарын білдірді.