Дүйсенбі күні шілденің 26-сында Алматы облысының әкімі Шалбай Құлмаханов бастаған топ, Қытай Халық Республикасына кеткен болатын. Бүгінгі таңда Алматы облыстық әкімшілік пен Қытай Халақ Республикасының Шыңжан – Ұйғыр автономиялық ауданы Хоргос шекаралық аймағында біріккен халықаралық орталығын құру туралы келісім жасауға ниет білдіріп отыр. Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Николай Ничяевтың айтуына қарағанда, мұндағы басты мақсат екі ел арасындағы виза мәселесін жеңілдету. Яғни сауда жасау мақсатында 1 күнге келген адам визасыз кіруіне мүмкіндік беру жағдайлары қарастырылады екен.
Николай Ничяевтің айтуынша бұл келісім шартқа қол қойылуы әбден мүмкін себебі, Қытай елінің өкілдері бірнеше рет Қазақстанға келіп бұл мәселенің мән –жайын қарастырып кеткен. Ал Қазақстан Республикасының кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметінің өкілі Маржан Исаева, бұл әлі сөз жүзінде ғана, шешімі әлі белгісіз дегенді айтып отыр. Қытай мен Қазақстан арасындағы сауданы дамыту мақсатында визаны жеңілдету жағдайына Алматы тұрғындары төмендегідей пікір білдірді.
Алғашқы сұхбаттасушымыз екі ел арасындағы визаны жеңілдетуіне қарсылағын білдіріп отыр.Оның ойынша,соңғы кезде Қатайдан көбіне сапасыз тауарлар келеді әрине оның бағасыда арзан. Елдің әлеуметтік жағдайының нашарлығына байланысты, халық сол тауарларды алады. Ал егер Қытайдан тауарлар саны азайса тұтынушылар өз еліміздегі өнімдер алар еді.
Екінші сұхбаттасушымыз керісінше, екі ел арасындағы визаны жеңілдету Қазақстандағы сауданың дамуына себеп болады деуде. Ал осы мәселе жөнінде мән – жайды білу мақсатында Қазақстандағы Қытай Халық Республикасының елшілігіне хабарласқанымызда, елшіліктің екінші хатшысы Ло Син ханым, әзірге мардымда ешнәрсе айта алмаймын дегенді айтуда.