«ЮКОС» басшылығы әділет министрі Юрий Чайкаға,-«тыйымның кесірінен біз мұнай табуды тоқтатуға мәжбүр боламыз»,-деген хат жіберді. Чайканың сөзінше, концерн қарызының бір бөлігін өтеу үшін, оның қарамағындағы «Юганскнефтегаз» кәсіпорыны сатылады. Бүгін «ЮКОС» мұнай компаниясы 15 миллиард рублді салық берешегінің есебіне өтеген.