Accessibility links

Қазақстан Өзбекстанда болған террорлық актiлердi жасаушылар Қазақстанда дайындықтан өткен деген ақпаратты жоққа шығарды


Өзбекстанның Жоғарғы сотында осы жылғы наурыздың 28-i мен көкектiң 1-i аралығында Ташкент қаласы мен Бұқара облысында терактiлер ұйымдастырушылардың үстiнен жүргiзiлiп жатқан сот процесiнде мемлекеттiк айыптаушы терроршылар Оңтүстiк Қазақстан облысындағы дайындық лагерлерiнен өткендер деп мәлiмдеген болатын. Қазақстанның Ұлттық қауiпсiздiк комитетi 2004 жылдың көктемiнде Өзбекстанда болған террорлық актiлердi жасаушылар Қазақстанның оңтүстiгiнде дайындықтан өткен деген ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтiнiн мәлiмдеп отыр.

Мәлiмдемеде “Лаңкестiк оқиғадан кейiн Қазақстанның арнайы қызмет органдары лаңкестiкке қатысы болуы мүмкiн азаматтарды анықтауда Өзбекстан жағына нақтылай көмек көрсеттi. Iздестiру шаралары Өзбекстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк қызметi жедел тергеу топтарының қатысуымен өткiзiлген болатын” дейдi комитеттiң баспасөз қызметiнен Мұхтар Анарбеков. Ал, Оңтүстiк Қазақстан облыстық iшкi iстер басқармасының бастығы Райымхан Өзбекқалиев: “ Өзбекстаннан бiзге бұл туралы ресми хабар түскен жоқ. Лаңкестiк оқиғадан кейiн Өзбекстанға құқықтық жағынан көмек көрсеттiк.Тексерулер террорлық әрекеттерге қазақстандық азаматтардың қатыспағандығын көрсеттi. Сондай-ақ, Қазақстан оның iшiнде Оңтүстiк Қазақстан облысында лаңкестер орналасқан база бар деген сөз шындыққа келмейдi”,- дейдi. Саясаттанушы Әзiмбай Ғалидың айтуынша, Өзбекстандағы жағдай бойынша 2 болжам бар. 1-шiсi мұны арнайы қызмет құрылымдары бiлгенмен, тежемеген. Себебi, ондай оқиғаның бұрқ еткенi керек болған. “Өйткенi демократиялық үрдiстi тежеу қажет болды”, - дейдi. Әзiмбай Ғалидың 2-шi болжамы бойынша терактiлердi арнайы органдардың өздерi ұйымдастыруы мүмкiн. Себебi, дiни шектеу бар. Әлеуметтiк мәселелер күрделенiп кеткен. Экономикалық даму өте баяу жүрiп жатыр дегенге саяды. Саясатшы Дос Көшiмнiң пiкiрiнше, терроршылар даярлайтын лагерлердiң Қазақстанда болуы мүмкiн емес жайт. Оңтүстiк облыстарда халық өте тығыз орналасқан. Қазақстан Ұлттық қауiпсiздiгi комитетi баспасөз қызметiнiң хабарлауынша, төрт түркiтiлдес мемлекеттердiң арнаулы қызмет басшыларының шiлденiң 28-i күнi жабық есiк жағдайында Астанада өткен басқосуында терроршылдыққа қарсы бiрлескен iс-қимыл шараларын күшейту мәселесi талқыланған. Бұл туралы аталған мекеменiң баспасөз қызметкерi Мұхтар Анарбеков былай дейдi. “Конференцияда қорытынды құжатқа қол қойылды. Онда террорлық қауiп қатердi жою бойынша өзара iс қимылдың нәтижесiн арттыруға экстремистiк және трансұлттық топтардың iс-қимылдарын ауыздықтауға және арнйы қызмет iс әрекетiн өзара үйлестiру бойынша пәрметндi түрде мәлiмет алмасуды жолға қоюға ерекше көңiл бөлетiн болады.” Аталған басқосуға Қазақстан, Түркия, Әзiрбайжан, Қырғыз республикаларының арнай қызмет мекемелерiнiң өкiлдерi қатысқан. Бақылаушы ретiнде Ресей мен Украина өкiлдерi келген.
XS
SM
MD
LG