Алматыдағы Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы яғни ОБСЕ-нің төрағасы Ивар Викки мырзаның айтуынша , бұл жоба ОБСЕ-нің қаржыландырып отырған бірінші жобасы емес. Оның айтуынша, өткен 2003-ші жылы Қазақстан іскер Әйелдер Қауымдастығының « өз ісіңді баста және дамыт » атты жобаға өз көмегін тигізген екен. Ивар Вики мырзаның атап өткен, 2003-ші жылғы жоба арқылы, 7 ай мерзім ішінде дәріс алған 700-ге тарта оралман қыз- келіншектердің 600-дейінің бірі өзге жұмысқа орналасқан болса ендігілері өз кәсібін ашқан екен. Осындай кәсіпкерлерлікмен айналысып жатқан оралман әйелдер ішінде өз тігін ательесін ашқан Сәулет Тұрсынханда бар:
- Шет елден келгеннен соң алғашқыда қиын болды. Мен Қытайда оқып, жұмыс жасағанмын. Осында жұмыс таппаған соң, 3-4 оралман келіншектердің басын қосып өз ательемді ашқан болатынмын. Содан бір жыл ішінде бар ақшамды шығындап, жағдайым нашарлап кетті. Одан осы іскер Әйелдер Қауымдастығында семинарлар жүреді деген соң келіп, дәріс алдым. Соның арқасында қазір жағдайым жақсы, қол астымда 15 адам істейді. Ұлттық және әскери киімдер тігеміз.
Алматы қаласына квота арқылы келушілерді санамағанда, квотадан тыс 2000 отбасы келген екен. Оралмандар отбасы көп балалы болып келеді. Көптеген мәселелерді шешу әйелдің үлесіне тиеді. Олардың көпшілігі жұмысқа орналасуы үшін, отбасылық кәсіпкерлікпен айналысуы үшін өз құқықтарын білуі қажет. Қауымдастықтың бас кеңсесінде сол үшін әрдайым заңгер маман мен аудармашы отырады. Олар әртүрлі мемелекеттік және жеке ұйымдарға қатысты құжаттарды дайындауға бағыт беріп отыратын болады. Сондай- ақ жаңа тұрмыстық ортада бейімделу барысында оралман әйелдердің құқықтары мен эканомикалық мүмкіндіктерін жүзеге асыруды үйретеді. Бұл ақпаратқа қызығушылық тудырған адамдарға төмендегі анықтама телефондарын ұсынамыз. " Оралман әйелдердің жаңа жағдайға бейімделу ресурс орталығы" Алматы қаласында, Қазақстан іскер Әйелдер Қауымдастығының бас кеңсесінде орналасқан. Анықтама телефондары 67 - 50 – 47.