Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиеваның айтуынша, 18-тамыздан бастап, яғни Парламенттік сайлауға үміткерлерді тіркеу аяқталып, үгіт-насихат жұмысы басталғаннан кейін Қазақстандағы телеарналардың бірінен Орталық сайлау комиссиясының ұсынған жобасы эфирге шығатын болады. «Біз барлық саяси партиялардың қатысуымен теледебат ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Оған бюджеттен арнайы қаржы бөлінген. Ол Қазақстан ұлттық арнасынан немесе «Хабар» агенттігінен берілуі мүмкін»,–дейді Зағипа Балиева. Оның айтуынша, телевизиялық пікір-талас мынадай тақырыптарды қамтиды: Бірінші – Парламенттің рөліне арналады. Екінші – экономикаға, үшіншісі – әлеуметтік, төртіншісі – жастар тақырыбы.
Ақпарат минитсрі Алтынбек Сәрсенбаевтың пікірінше, Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастыратын телевизиялық пікір-таласы саяси партиялардың бердей эфирге шығып сөз алуына мүмкіндік жасайды. Алайда Алтынбек Сәрсенбаев басылымдардың тиражына қатысты Орталық сайлау комиссиясының шығарған шешімімен келіспейтіндігін білдіреді. Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиева үгіт-насихат жұмысы басталған күннен бастап, газет-журналдар тиражын өзгертпеуі тиіс дейді. Себебі газет-журналдарға өздерінің мақалаларын беретін үміткерлерге кері әсерін тигізеді деп отыр. Ал Ақпарат министрі Алтынбек Сәрсенбаев болса, орталық сайлау комиссиясы баслымыдар арасындағы бәсекелестікке шектеу қойып отыр,–деп біледі.
Сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясының бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты шығарған Ережесіне сәйкес, егер ақпарат құралдарының бас редакторлары сайлауға үміткер ретінде қатысатын болса, олар тіркелген күннен бастап, басшылықты сол редакцияның ұжымына беруі керек. Сонымен бірге егер редакция үміткерлердің мақаласын алудан бас тартатын болса, онда үміткер сол ақпарат құралын сотқа бере алады. Ақпарат министрі Алтынбек Сәрсенбаевтың пікірінше, үміткелерді тіркеу басталғаннан күннен бастап, тіркеу аяқталғанша электронды ақпарат құралдарынан саяси партиялар туралы жарнамалар берілмеуі керек еді,– дейді, алайда ондай заңдылық «Сайлау туралы» заңда болмағандықтан кейбір саяси партиялар мүмкіндіктерін пайдаланып жарнамаларын беріп отыр,– дейді Алтынбек Сәрсенбаев. Ол сонымен қатар сайлау заңына сәйкес талаптарды орындамаса ақпарат құралдарының заң алдында жауап беретіндігін де ескертті.
Орталық сайлау комиссиясы шығарған ережеге сәйкес, сайлау күні, яғни 19-қыркүйек күні бірде-бір бұқаралық ақпарат құралдары үміткерлерді немесе саяси партияларды насихаттамауға тиіс.