Жанпидашы лаңкесшілер жасаған үш жарылыстың нәтижесінде, Өзбекстанның қауіпсіздік күштерінің 3 қызметкері қаза болды. Ол екеуі Ізраил елшілігін ,біреуі АҚШ елшілігін күзеткен. Кем дегенде 8 адам жаралы. Бұған дейінгі жарылыстарды өз мойнына алған Өзбекстанның Ісламдық қозғалысы бұл жолы да жарылыстарды біз ұйымдастырдық деп отыр. Бұл күндері Ташкентте, өткен жылғы күзде болған бірнеше лаңкестік әрекеттер ісіне байланысты сот үрдісі жүріп жатыр. Ол кезде шамамен 50 адам құрбан болған. Сотта күдікті деген 15 адам бар.
Біріккен Ұлттар Ұйымымен Америка Құрама Штаттары Ташкенттегі американдық және израил елшіліктерінің жанындағы жарылыстарды және Өзбекстанның бас прокуратурасы ғимаратының алдындағы жарылысты қатты сынға алды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Тель-Авив пен Тегеран текетіресі
Иранға соғыс, Ливанға гуманитарлық апат төніп тұр. Таяу Шығыста не болып жатыр?
-
Мәдениет алаңы
"Талақ" фильмі: даудың басы – әйел теңдігі
-
Тіл және жазу мәселесі
Түркі елдері ортақ латын әліпбиін енгізбек, бірақ оған Қырғызстан әлі дайын емес. Неге?
-
Азаттық зерттеуі | 4-бөлім
Дубайдағы Қазақстан: әкімдер