Accessibility links

АҚШ мемлекеттік хатшысы Коллин Пауэлл Суданмен Африка одағындағы елдерді Суданның батысындағы Дарфур өлкесіндегі дағдарысты бір ай ішінде тоқтатуға кезекті рет шақырды.


Кувейттегі сөзінде Пауэлл жергілікті тұрғындарға лаңкестік жасап отырған араб отрядтарын қарусыздандыру бірінші мақсат деді. Судан үкіметі Біріккен Ұлттар Ұйымының қауіпсіздік кеңесінің резолюциясын мойындамады. Онда айтылғандай, егер, Дарфур өлкесіндегі қантөгіс 30 күн ішінде тоқтатылмаса, Хартумға батыл шаралар қолданылады делінген. Суданның ақпарат министрі Ибрахим Мәліктің сөзінше, бұл шешім Судан үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы келісімдерге қайшы келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымы үкіметтің қарамағындағы араб полициясын Дарфурдан қара түсті ұлт өкілдерін қуып жатыр деп айыптаған. Соңғы 17 ай ішінде Дарфурда 30 мың адам мерт болған, 1 миллионға жуығы үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.
XS
SM
MD
LG