Саяси саханаға келгеніне 3 ай болған партия үшін партиялық тізім бойынша тіпті бір орын тиген күннің өзінде ол үлкен жетістік болар еді, дейді Қазақстанның Демократиялық партиясының жетекшісі Мақсұт Нәрікбаев. Республиканың барлық өңірінен 143 делегат қатысқан съезде Қазақстанның Демократиялық партиясының бұқаралық ақпарат құралдарына, саяси партияларға және сайлау процесіне қатысушы қоғам өкілдеріне арналған үндеуі қабылданды. Аталған партия парламент Мәжілісінен қанша орынды иеленуді көздеп отыр дегенге келсек, Мақсұт Нәрікбаев мынаны айтты:
- Бір мандаттық округ бойынша 17 кандидат болады және партиялық тізіммен 9 партия мүшесі болады. Партиялық тізімді өзім бастайын деп отырмын. Партияның орталық комитеті осындай шешім қабылдады.
Ал, Қазақстанның Демократиялық партиясының бұқаралық ақпарат құралдарына, саяси партияларға және сайлау процесіне қатысушы қоғам өкілдеріне арналған үндеуінде әділ саяси бәсекелестік қағидаларының сақталуы маңызды екені айтылды. Үндеуді жария еткен партия төрағасының орынбасары Сергей Дроздин әділ саяси бәсекелістіктің болуы Қазақстандағы саяси партиялардың әділ саяси бәскелестіктің қағидалары туралы Хартиясында айқындалғанын, алайда, қазіргі уақытта Хартияға қатысушылардың кейбірі бірқатар жолсыздықтарға барып отырғанын атады. Лас технологияларды қолдану алдағы сайлаудағы әділдік қағидаларын бұзуға соқтырады. Қазақстанның Демократиялық партиясы сайлауға қатысушылардың барлығына Хартия нормаларын бұзатын фактілерге қарсы тұруға, әділ саяси бәсекелестікке теріс әсер ететін ақпараттарды таратпауға шақырады, дейді аталған партия жетекшісінің орынбасары Сергей Дроздин. Мақсұт Нәрікбаев сайлауға түскелі отырған партия оң немесе сол күштерге жатпайды. Біз құқық партиясымыз. Ал, партия алдына қойып отырған мақсат -жаңа парламентте мықты фракция құру, дейді.
Съезде сөйлеген Қазақстанның Демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Хасен Қожа-Ахмет жиналыстарда мемлекеттік тілдің қолданылу жайын сөз етті. Сондай-ақ Хасен Қожа-Ахмет бас бостандығынан айырылғандардың құқығын қорау туралы құрылған халықаралық қоғамдық комитетке кіру мәселесін көтерді: - Құқықтық және заңдылық партиясы бола тұра неге бұл мәселеден шет қалуымыз керек. Ол жерде «Ақжол», Қазақстанның демократиялық таңдауы және Қазақстанның Коммунистік партиясы үшеуі құрды екен деп біз неге шеттеуіміз керек. Осы партияда көптеген заңгерлер отырып неге ол іске кіріспейміз? Халықаралық ұйымдарда бірігіп жұмыс жасайды екен. Біз осы комитетке кіру мәселесін ақылдассақ.