Accessibility links

«Ақ жол» партиясы бірнеше мәселе бойынша халықтық референдум өткізуді ұсынды


Қазақстанның демократиялық «Ақ жол» партиясының Қазақстанда халықтық референдум өткізу туралы бастама көтеретіндігі партияның сенбі күні өткен 4-ші съезінде сөз алған партия теңтөрағасы Болат Әбіловтің баяндамасынан мәлім болды.

Референдумда көтерілетін мәселелер жөнінде партияның келесі теңтөрағасы Әлихан Байменов былай түсіндірді:

- Әкімдердің сайлануы бойынша, электронды сайлауды тоқтату жөнінде, жерді жалға беруді бастау мерзімін 2007 жылға дейін созу туралы, ең төменгі жалақы мен зейнетақы, күн көріс деңгейін екі есеге көтеру жайы қаралуы тиіс».

Референдум өткізу арқылы қоғамда қордаланған өзекті мәселелерді шешуге тырысамыз дейді осы партияның теңтөрағасы әрі ақпарат министрі Алтынбек Сәрсенбаев:

-Бұл үкіметтің, парламенттің, президенттің аумағында шешілмеген мәселені халықтың талқысына алып келеді. Ал ондай мәселелердің тізбесі біздің қоғамымызда өте көп. Мысалы, дамыған еуропа елдерінде үш ай сайын бір референдум өтіп жатады. Алайда, оған ешкім шашын жұлып, ойбайламайды. Билік қарсылық әрекет етпейді. Егер референдумда халықтың пікірі анықталаса, онда ол заң актілеріне еніп, мемелкеттің саясатына айналады.

Партияның үшінші теңтөрағасы Ораз Жандосовтың сөзіне қарағанда, референдум өткізу құқығы Конституцияда көрсетілген әрі осы туралы заң күші бар жарлық жұмыс істейді. Сол себептен, бұл заң нормасының ешқашан пайдаланылмағанын тілек тиек еткен Ораз Жандосов оны қолдану қажеттігін айтады. Ол сонымен бірге референдумда көрсетілген мәселелердің бірі – электронды дауыс беру жүйесіне тоқталды. Оның сөзіне қарағанда, қағазбен өткізіліген сайлаулар бірде-бір рет әділ өтпегендіктен, жаңа тәсілмен дауыс беру жұртшылықтың күмәнін туғызады. Ораз Жандосовтың айтуынша, электронды дауыс беру жүйесі бойынша партия халықтың арасында қол жинау акциясын өткізіп, оның нәтижесін қыркүйектің бірінде парламент назарына ұсынбақ. Себебі, қазір парламентте электронды дауыс беру жүйесіне қарсы әзірлеген «Ақ жол» партиясының заң жобасы жатыр екен.

«Ақ жол» партиясының электронды дауыс беру жүйесі енгізілген жағдайда сайлауға бойкот жариялайтындықтары жайлы мәселеге орай Алтынбек Сәрсенбаев өз пікірін білдірді: «Оған партияның ортақ шешімі керек. Ондай ортақ шешімге бізде дайындық бар». Ақпарат министрі биылғы сайлаулардың ашық өтуі мен демократияның дамуы үшін жасалатын қадамдардың бірі Қазақстанда тұңғыш рет «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарында партиялардың телепікірталастарын өткізу дегенді айтты Бұл бастаманың мән-жайын радиомызға берген түсіндірмесінде ол былай түсіндірді: - Себебі, партиялар ел алдына шығып, бір-бірлері туралы, халыққа қандай жақсылық жасайтындықтары жайлы пікірлерін айтып, пікірталас жасауы керек. Төрт пікірталас Орталық сайлау комиссиясы есебінен қаржыландырылады. Оған қоса үші телепікірталасты сайлау қорларының есебінен жүргіземіз деп отырмыз. Оған бүкіл жекеменшік теле-радиокомпанияларға өз беттерінше пікірталас ұйымдастыруға мүмкіндік алып бердік.

Съездің соңында «Ақ жол» партиясының алдағы парламент мәжілісіне сайлауына партиялық тізіммен 13 адам, округтік жеке мандат бойынша 41 адамның қатысатындығы мәлім болды. Партиялық тізімді партия теңтөрағалары Әлихан Байменов пен Алтынбек Сәрсенбаев, экс-дипломат Төлеген Жүкеев, қаржыгер Дәулет Сембаев бастап тұр. Алайда, Алтынбек Сәрсенбаев егер кезегі келіп жатса, мемлекеттік қызметте қалып, келесі адамға жол беретіндігін жеткізді. «Ақжолдықтар» егер сайлау шынайы әділ өтсе, сайлаушылардың қолдауының 35 пайыздық межесінен өтетіндіктерін, ал жеке мандат бойынша 25 депутат сайланатындығына сенім білдіріп отыр.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG