Сондай-ақ, Дәуренбек Мәжитовтың айтуынша, 2006 жылы Германияда өтетін футболдан әлем чемпионатына қарсы Ұлттық Банктің теңге сарайында дайындалған номиналдық құны 100 теңге болатын күміс ақша да айналымға шығарылған. «2006 FIFA WORLD CUP GERMANY» монетасы FIFA 2006 Германияда өтетін футболдан әлем чемпионаты ресми халықаралық мерейтойлық бағдарламаны шығаруға және сатуға арналған Келісімге сәйкес дайындалған. «2006 FIFA WORLD CUP GERMANY» монетасының 1000 данасын және «OLYMPIK GAMES 2004» монетасының 500 данасын Қазақстанның ішкі рыногында сату үшін Ұлттық Банк резервке қойған. Ал монеталардың қалған бөлігін келісім жасасқан ұйымдар дүниежүзінен түскен сұранысқа сәйкес өздері таратады екен.
«Бұл 1995 жылы теңге сарайымыз іске қосылғалы бері Халықаралық ұйымдар тарапынан жасалып отырған алғашқы ұсыныс. Бұл Ұлттық банктің теңге сарайының шығарған монеталарының сапасының жоғары екендігін көрсетсе керек дейді», - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қолма-қол ақшамен қызмет жасау басқармасының бастығы Дәуренбек Мәжитов.