Воркутадағы "Северная" шахтасында кеше жер астындағы кен қатпарының опырылып құлауы салдарынан жер астында қалған 8 кеншіні құтқару жұмыстары әрі қарай жалғасып жатыр. Бір кенші миы шайқалып аурухана жатқызылды. Төтенше жағдайлар бойынша Ресей министрлігі өкілдерінің хабарлауынша, шахтадан жоғарыға шығып үлгерген 145 кеншінің барлығы дін аман көрінеді.