Астанада оралмандар шеруге шықты. Олардың талап етiп отырғаны баспана немесе жеке үй салуға жер бөлгiзу. Олардың бiрқатары Қазақстан азаттық алған алғашқы жылдары-ақ тарихи отанына келгендер. Он екi жыл өтсе де оларға ата-жұртынан баспана бұйырмай жүр екен. Шеруде оралмандардың алдына келген жер комитетiнiң төрағасы барлық қолдан келген мүмкiндiктердi қарастыратындығын айтып, оралмандарды сабасына түсiрген болды.
Астанада оралмандардың “Жаңа қадам” деп аталатын қауымдастығының құрылғанына бiр жыл болған. Оның төрағасы Оразхан Нұқтың айтуынша, жеке үй салуға 324 оралманнан өтiнiш түскен. “Ал, қала әкiмдiгi жеке үй салуға небәрi 15 ақ жер телiмiн бөлiп отыр-”, дейдi.
Қалалық жер комитетiнiң төрағасы Төлеуғазы Нұркенов елордасында шiлденiң 1-нен бастап жер берудiң жаңа тәртiбi енгiзiлгендiгiн айтады. Соған байланысты жеке үй салуға кезекте тұрған 22500 адам сызылып тасталған. Олар қайтадан қала әкiмi атына арыз жазуы тиiс. “Сондай, ақ жаңадан 11 адамнан құрылған комиссия сексендегi 15 соғыс ардагерлерiне жеке үй салуы үшiн жер бөлдi, дейд Төлеуғазы Нұркенов.
Монғолиядан келген қазiр астаналық Ербол Бейiлханұлы 12 жылдан берi үйге қол жеткiзе алмай жүргендiгiн айтады.Ұлан Баторда тұрған Күнтуған Iлиясұлы 1992 жылдан берi Ақмола облысы Целиноград ауданы, Шалқар ауылында құжаты жоқ үйде тұрып келген.Ал,Ташкенттен келген Ендiбай Ержiгiтов құрылыс инженерi бола тұра Астанада үш жылдан берi құрылыс компанияларына жалданып жұмыс жасағанымен үйсiз-күйсiз жүр. “Мамыр айында Қазақстан Президентiнiң халықпен жүргiзiлген тiкелей эфирiнде сұрақ берiп едiм. Берген жауаптарына қанағаттанбай отырмын,– дейдi Ендiбай Ержiгiтов.
Оралмандардың баспана мен жеке үй салуға жер телiмiн алу жөнiндегi осы шеруiнiң өткiзiлетiндiгiнен қалалық көшi қон басқармасының бөлiм бастығы Бейiмбет Усупбек хабарсыз отырғандықтарын айтады.
Бұл шерудi ұйымдастырушы “Ақжол” партиясының оралмандармен жұмыс жөнiндегi бөлiм жетекшiсi Лашын Боқанқызы:”Жиналысты шақырған себебiм, осы көшi-қон агенттiгiндегi сыбайлас жемқорлықты әшкерелеу едi. Ол өткен жылы Оразхан Нұқты “Жаңа қадам” оралмандар қауымдастығының төрағасы етуден басталды,”-дейдi. “Сол жиналыс өткеннен соң Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Жолымбет кентiнен келген Қайрат есiмдi жiгiт қауымдастыққа есепшi болып енiп алған соң, Қараөткел ауылы жанынан жер бергiземiн деп 450 оралманнан алды 5 мың соңы 3 мың доллардан ақша жинады. Соңында жер берiлмей қалды,-”дейдi Лашын Боқанқызы.
“Оны қадағалайтын көшi-қон басқармасы бастығының орынбасары Бейiмбет Үсiпбек мемлекеттiк қызметке қайта алынбайтын етiлiп, бес жылға бас бостандығынан айрылған. Сол кезде “Жаңа қадам” қоғамдық қауымдастығының төрағасы оны соттан аман алып қалып едi. Бейiмбет Үсiпбек оған “Мөлдiр” деген дүкенiн сыйға тартты ”,- дейдi Лашын Боқанқызы.
Жан-жақты талқылаулардан соң оралмандардың жағдайын шешудiң оңтайлы түрi анықталды. Онымен оралмандарды қалалық жер комитетiнiң төрағасы Төлеуғазы Нұркенов таныстырды. Төлеуғазы Нұркеновтың айтуынша Астанада оралмандарға арналып көп қабатты үй салынады. Биыл жеке үй салуға 15 жер телiмi берiледi. “Жаңа қадам” оралмандар қауымдастығының төрағасы Оразхан Нұқта Ақмола облысының әкiмi Мәжит Есенбаевтан 315 оралманға Целиноград ауданы Қоянды ауылынан жер сұрағалы отырғандығын жеткiздi.Шеруге шыққан оралмандарды ресми органның өкiлдерi “жағдайларыңды жасаймыз” деп, тыныштандырып, жиналғандарды таратты.