Accessibility links

Кеше сәрсенбіде Ирақта кепілдік тұтқындағы 6 шет елдік азамат құтқарылды.


Осыдан бір апта бұрын Фаллуджа қаласында ұрланған йорданиялық 4 көлік жүргізушісі жергілікті ақсақалдар кеңесінен соң, олардың талабымен еркіндікке шықты. Түркиялық ресми орындар да сәрсенбі күні екі түрік азаматының босатылғандыңын растады. Оларды ұрлаған топтың айтуынша, түркиелік компания Ирақтағы жұмысын тоқтатуға уәде бергеннен соң олар осындай шешім қабылдаған.

Бұл арада сарсенбі күні, Ирақ сақшылары мен бүлікшілдер арасында шайқастар жалғасып, 12 кісі мерт болды. Жарақат алғандар - 26 адам. Ол шайқасқа не себеп болғандығы әзірше беймәлім.
XS
SM
MD
LG