Accessibility links

Қазақстан Ташкентте болған жарылыстарды айыптайды және лаңкестікке қарсы күресте Өзбекстанмен күш біріктіруге дайын.


Тамыздың 5-күні Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев “Қазақстан Ташкентте болған жарылыстарды айыптайды және лаңкестікке қарсы күресте Өзбекстанмен күш біріктіруге дайын” –деп мәлімдеді. Бұл жайында Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметкері Исламбек Арыстанбеков хабарлады: -Қазақстанда Ташкентте болған адам өлімініне апарған терроршылдық әрекеттерді айыптайды. Өзбекстан басшылығына оның елде бейбітшілік пен тыныштық орнатуға бағытталған күш-жігерлеріне қолдау білдіреді.

Қазақстан Орталық Азиядағы қауіпсіздікті нығайту мақсатындағы халықаралық терроршылдық пен аймақтық экстремизмге қарсы күрестегі Өзбекстанның күш-жігеріне қолдау білдіреді, деп келтірілген Қазақстан сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаевтың мәлімдемесінде Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 30-шілде күні Ташкенттегі АҚШ және Израиль елшіліктерінің жаны мен республика жоғарғы сотының ғимаратында жанкешті лаңкестер жарылыс жасап, соның салдарынан 3 адам қаза болып, 8 адам жараланған болатын. Өзбекстан басшысы Ислам Кәрімовтың жетекшілігімен құрылған лаңкестік әрекеттерді анықтайтын үкіметтік комиссия жұмысын жалғастыруда. Өзбекстанның бас прокуратурасының хабарлауынша, орын алған жарылыстарды елдегі жағдайды тұрақсыздандыру мақсатында исламшыл радикалды ұйымдардың мүшелері жасап отыр.Шолушылар Ташкентте орын алған жарылыстарды үстіміздегі жылдың көктемінде болған лаңкестік оқиғалармен байланыстыруда. Өздеріңізге белгілі үстіміздегі жылдың көктемінде Өзбекстанның Жоғарғы сотында Ташкент қаласы мен Бұқара облысында болған жарылыстарды жасаушылардың үстінен жүргізіліп жатқан сот процесі барысында мемлекеттік айыптаушылар Өзбекстанда орын алған жарылысты жасаушылар Қазақстанның оңтүстік аймағында дайындықтан өткен деп мәлімдеген болатын. Алайда бұл ақпаратты Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті жоққа шығарып, Өзбекстанда орын алған лаңкестің оқиғадан кейін қазақстанның арнайы қызмет органдары жарылысқа қатысы болуы мүмкін азаматтарды анықтап-табуға Өзбекстан жағына көмек көрсеткендігін айтқан болатын.
XS
SM
MD
LG