Accessibility links

Талдықорғаннан «Ұлы Жібек жолы; ата жұртқа саяхат» атты экспедиция сапарға аттанды.


Алматы облысының Талдықорған қаласында тамыз айының 4- і күні Ұлы Жібек жолы бойынша экспедиция сапарға аттанды. Экспедиция тамыздың 4-і мен 23- і аралығында Меркі, Тараз, Шымкент, Отырар және Түркістан жерлерінен жүріп қайтады. Аталмыш экспедицияның мақсаты – Жібек жолы бойыншы туристік маршрут жасау және де баршаға Қазақстан халқының тарихы мен салт – дәстүріне назар аударту.

Тамыздың 4-і күні Талдықорғанда « Ұлы Жібек жолы; ата жұртқа саяхат » атты экспедиция сапарға аттанды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, экспедиция құрамында Павлодар, Қарағанды, Талдықорған қалаларының жоғарғы оқу орындарының аға оқытушыларымен, Юнеско мен Германиядан келген халықаралық ұйымының сарапшылары, барлығы 12 адам бар. Аталмыш экспедицияның ұйымдастырушыларының бірі Алматы обласының әкімшілегі, өз бюджетінен 2 млн. теңгедей қаржы бөлген екен. Бұл туралы бізге облыс әкімінің кеңесшісі Серік Мұқанов хабарлаған болатын.

- Облыстық бюджеттен осы сапарға 2 млн. теңге жұмсалды.

Ұйымдастырушылар қатарында, Алматы облысының әкімшілігімен бірге Талдықорған қаласындағы «Жетісу» экoномикалық институты да бар. Аталмыш оқу орнының бас директорының көмекшісі Галина Коростелеваның айтуынша, экспедиция мүшелерінің арасында осы білім ордасының тарих факультетінде білім алатын, Максим Антонов сынды 4- ші курс студенті де бар екен.

Жалпы экспедиция барысында кезіндегі саудагерлер, ғалымдар мен саяхатшылардың жүріп өткен Ұлы Жібек жолының барлық жолы жүріліп өтеді. Ол Алматы , Жамбыл және Оңтүстік қазақстан облыстары бойынша, жалпы 2800 шақырымды құрайды. Серік Мұқановтың айтуынша, экспедиция мүшелері түрлі көлікпен жүруге тиіс. - Экспедиция мүшелеріне бір автобус берілген. Дегенмен, олар кей жерлерде атпен, кей жерлерде жаяу жүруі керек.

Серік Мұқановтың сөзіне қарағанда, бұл экспедиция болашақта да өз жалғасын таппақ. Жүріп өткен жерлерді күзде немесе қыста, құрамында арнайы мамандары бар екінші экспедиция жалғастыруы мүмкін.
XS
SM
MD
LG