Accessibility links

АҚШ президенті Дж. Буш бейсенбі күні қорғаныс жөніндегі заңға қол қойды.


Ол заңға орай, Ирақ және Ауғанстандағы операцияларға қосымша 25 млд доллар қаржы бөлінеді. АҚШ президентінің айтуынша, Ауғанстан мен Ирақ террорлық әрекеттерге қарсы күресте негізгі майдан болып қалмақ. Бұл заң Ауғанстан мен Ирақтағы төтенше жағдайларға, лаңкестікке қарсы күресте 25 млд доллар көмекпен қолдау көрсетуге мүмкіндік бердеі, - дейді, АҚШ президенті Дж. Буш.

Жалпы АҚШтың заңы бойынша , қорғаныс саласына бөлінетін қаржы қазанның 1-іне бастап өз күшіне енеді. Оның жалпы көлемі 417 млд доллар болмақ. Бұл қаржыдан 78 млд доллар қару-жарақ сатып алуға жұмсалмақ. Сондай-ақ , 10 млд доллар ұлттық зымыран қорғаныс жүйесі не арналмақ.
XS
SM
MD
LG