Accessibility links

Ақтөбе облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы экологиялық талаптарды орындамағаны үшін «Ақтөбе мұнай-газ» қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы» Ашық акционерлік қоғамын сотқа берді


Сот шешімімен аталған кәсіпорынның 14 скважинасының жұмысы тоқтатылып, айыппұл салынды.

Бұл туралы «Азаттық» радиосына Ақтөбе облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы Ақылбек Дадин хабарлады.

Дадиннің айтуынша, Ақтөбе мұнай-газ қытай ұлттық мұнай-газ корпарациясы ашық акционерлік қоғамы өткен жылы қазылған 14 скважинаның орынын тазартпаған. Бірнеше рет талап қойылғанына қарамастан кәспорын оны орындаған жоқ, сосын сотқа шағымдануға мәжбүр болдық, дейді.

Аталған мәселеге орай «Ақтөбе мұнай-газ» Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы» ашық акционерлік қоғамына хабарласқанымызда жетекші маман Ғалия Жолдыбаева скважина маңайындағы жердің рекультивация жасалғанын айтты.

Ақылбек Дадин кәсіпорындар мұнай қалдықтарын жоюда өте қарапайым технологияларды пайдалануда және келешекте мұнымен кесіпейтіндіктерімізді ескертіп отырмыз дейді.

Ал, тәуелсіз эколог Мэльс Елеусізов мәселені кезінде шетелдік компанияларға көп еркіндіктің берілуімен байланыстырады:

- Шетелдік және отандық компанияларға айыппұл төлеу жеңіл, оңай жол. Олар тазарту жұмыстарын жасауы керек, ал, ол қымбатқа түседі. Сондықтан айыппұл төлеуге дайын тұрады. Ал салынған айыппұл бюджетке кетіп жатыр, дейді Мэльс Елеусізов.

Ақтөбе облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы Ақылбек Дадин жиналған айыппұлдың барлығы жергілікті бюджетке түседі. Оны ары қарай бөлу жергілікті бюджеттің құзырында оған біздің шамамыз келмейді, дейді. Қазақстанның Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Ұлан Қасымбеков экологиялық талаптарды сақтап отырған компанияларлың көптігін айтады.

Ал, тәуелсіз эколог мамандардың бірі Молдағали Масханұлы мұнай-газ саласындағы компаниялар экологиялық талаптарды сақтамай отыр, олар Қазақстан заңдарын мойындамайды, экологиялық бағытты сақтауға мүдделі емес, дейді.

Қалай дегенмен қазақстандық тәуелсіз экологтар қоршаған орта тазалағын сақтауда Қазақстан заңдарын қатайту қажет және бұл салаға отандық мамандарды дайындау керек деседі.
XS
SM
MD
LG