Accessibility links

Қазақстан азаматтарының көпшілігі сайлауға құлықсыз дейді кейбір сарапшылар


Қазақстанның социологтары мен саясаттанушылары қауымдастығының жүргізген зерттеулерінің нәтижесі бойынша, Қазақстан азаматтарының 75 проценттен көп бөлігі “ Сайлау туралы” заң мәтінімен таныс емес. Және де аталған қауымдастықтың жекелеген сайлау учаскелеріндегі сауалнамаларының нәтижесінде “ Сайлау туралы” жаңа заңмен азаматтардың 80 проценттен көбі мүлдем таныс болмай шыққан.

Бұндай жағдайда республика жұртшылығының 22,5 процентін құрайтын кәмелеттік жасқа толған әрбір төртінші қазақстандық азамат қана өзінің сайлаушы ретіндегі құқының заңдық тұрғыдан қамтамасыз етілуіне алаңдаушылық білдіреді дейді сарапшылар.

Қазақстан халқының төрттен бір бөлігіне жетпейтін яғни республика жұртшылығының 22,5 процентін құрайтын ақыл тоқтатқан әрбір төртінші қазақстандық азамат қана өзінің сайлаушы ретіндегі құқының заңдық тұрғыдан қамтамасыз етілуіне алаңдаушылық білдіреді деген тұжырымға біз тілдескен сарапшылар әрқилы пікір білдіріп отыр.

Азаматтық қоғамды қалыптастыру институтының директоры Дидар Қосылбеков Қазақстан азаматтарының көпшілік бөлігі “Сайлау туралы” заңмен таныс болмауы мен олардың сайлауға белсенділігінің төмен екенін айта келіп, оның себептерінің көп екенін айтады.

Алайда Қазақстан азаматтарының, оның ішінде қазақтілділердің сайлауға деген белсенділігін тікелей бақылап жүрген саясаткер Дос Көшім осы іспетті пікірлермен келісе алмайтындығын білдірді.

Ал саясаткер Маржан Асфандиярова мәселенің себебін сайлаушыларды алдауға қадам жасап отырған биліктен іздейтіндігін жеткізді. Біз осы мәселеге орай Алматы тұрғындарымен де тілдескен едік.

Сөйтіп ол азаматтардың көпшілігі Қазақстанның социологтары мен саясаттанушылары қауымдастығының жүргізген зерттеулерінің нәтижесі шындыққа жақындайтындығын көрсетіп берді.
XS
SM
MD
LG