Сол кездегі құрбандарды еске ала отырып, қала басшысы Итчо Ито Құрама Штаттарының мыңдаған ядролық қаруларды өндіріп жатқаны үшін сынады. Әлемді ядролық бомбадан тазалау жөніндегі Жапония бастамасына Американың да қосылуына ол шақырды. Өткен аптада Хиросимо қаласында да дәл осындай еске алу салтанаты болып өткен-ді. Ол жерде де АҚШ-қа бағытталған дәл осындай сындар айтылған болатын. 1945-ші жылдың 9-шы тамызында Нагасаки қаласына, ал одан үш күн бұрын Хиросими қаласына АҚШ-тың ядролық шабуылдары орын алған еді. Оның нәтижесінде Жапония тізе бүккен болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?