Accessibility links

Өткен аптадан бері Ирақта жоғалып кеткен ирандық дипломат тірі әрі жағдайы жақсы


Бұл жөнінде Иран Сыртқы істер министрі Камал Харази хабарлап отыр. Өткен сәрсенбі күні Карбала қаласында консулдық ашу ниетімен сапарда жүрген жерінен дипломат Фаридоун Жаханидің жоғалып кеткендігі жөнінде бұдан бұрынға хабарларымызда да айтқанбыз. Осы мәселеге орай Иран Сыртқы істер министрлігі өкілдерінің сағаттап ізденіс үстінде екендігін Харази мырза Техранда журналистерге жариялады. Ирақтағы қарулы топ дипломат Жаханидің өміріне қауіп төндіріп отырған жоқ. Осы қадамдары арқылы ол топ Ирақтың ішкі істеріне араласуын ресми Техран тоқтатсын деген талаптарын алға тартпақшы.
XS
SM
MD
LG