Accessibility links

Ирақта аманатқа алынған үш иорданиялық азамат және екі ливандық азамат босатылды


Бұл туралы Иордания сырты істер министрлігі хабарлады. Иорданиялық екі жүргізуші 26 шілде күні Әл-Қайм қаласының маңында аманатқа алынған болатын. Оларды қолға түсірген топ өзін "Ирақ өлім жасағының сарбаздары" деп атайды. Аманатқа түскен екі жүргізуші кеше Иорданияның Ирақтағы өкілеттігіне тапсырылды, бүгін олар еліне оралады. Иорданиялық үшінші азамат бизнесмен болатын.

Дегенмен, кеше Ирақта басқа бір иорданиялық бизнесмен кепілдікке алынды. Оны аманатқа алғандар 250 мың доллар талап етіп отыр. Жамал Садық Әл Салаймих Бағдадта орналасқан жапониялық компанияда істейді.
XS
SM
MD
LG