Иран президенті Мұхаммад Хаттами елдің ядролық бағдарламасының мәселесін Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесіне беру бейбіт мақсаттағы жұмысымызға тоқмау салмайды деп мәлімдеді бүгін. Иранның ядролық бағдарламасы жайында халықаралық түсіністік табылмаған соң АҚШ ресми өкілдері жақында алаңдаушылық танытып, мәселені шара қолдану мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің қарауына беру керек деген еді.
Вашингтонның пайымдауынша, Иран уран затын ядролық бомбаға жарайтын деңгейге шейін байытқысы келеді. Иран болса уранды тек атом энергетикасына жарайтын төмен деңгейде байытамыз, ядролық қару жасауға еш ниетіміз жоқ дейді.