Израил "террористік инфрақұрылымға" қарсы операция бастадық деп, босқындар ауылына әскер кіргізді. Палестина ауруханасынан хабарланғандай, зымыран шабуылынан 12 палестиндік азамат жараланды, олардың үшеуі ауыр халде. 10 шақты израил танктері, ауыр мәшинелері және бульдозер тракторлары босқындар ауылына кіргенде қаруланған палестиндіктер оқ атып жауап қайтарды, дейді қақтығысты көргендер. Израил сарбаздары босқындар ауылында жеті сағат болып, заңсыз деп табылған 13 үйді қиратты. Көтерілісшілердің бекінісі деп танитын қоныстарын Израил әскері осылайша ара-тұра қиратып тұрады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мәдениет алаңы
Ойлануға шақыратын қазақша үш фильм
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?