Accessibility links

Ирақта қақтығыстар жалғасып жатыр


Бағдадтың солтүстік тұсындағы Хан Бани Саад ауылында бүгін бомба жарылып, кемінде 4 адам қаза тапты, 10 адам жараланды. Оңтүстіктегі Амара қаласында бүгін түнде британиялық әскерлер шиит мұсылмандары жасағының қамалын қоршап алып, арадағы шайқаста 20 адам қаза тапты, 50 адам жараланды.

Ирақ уақытша президентінің орынбасары Ибрағим Жаафари болса бүгін "Әл Жәзира" телекомпаниясы арқылы қайырылып, АҚШ бастаған шетел әскерлерін қасиетті Наджаф қаласынан апта соңына шейін алып кетуді өтінді. Моқтада Әл Садр әскері қантөгісті тоқтатпаса, үкімет төтенше шара қолданады деп мәлімдеді Ибрағим Жаафари. АҚШ сарбаздарымен радикалды шиит басшысы Моқтада Әл-садрдың жасағының кескілескен шайқастарына бүгін жетінші күн. Моқтада Әл-Садр жақтастарына қайырылып, қаза тапсамда, не болмаса тұтқынға түссемде соғысты үзбеңдер деп ұран тастады.
XS
SM
MD
LG