9 қазанда өтетін сайлауда дауыс беруге 9 миллион адам тіркелген. Президент Хамид Қарзаймен бірге өткізген баспасөз-мәслихатында сөйлеген сөзінде Рамсфелд Ауғанстанда демократияның орнығатынына сенім білдірген.
-Менің бірлескен комиссия мен БҰҰ-ң адамдарымен жүздесулерімде олардың сенетіндіктерін көрдім, олар уақыттары мен күштерін жұмсап, әділетті еркін сайлау өткзілуіне көмектесуде. Олар Ауғанстанның дұрыс, табысты жолда екендігінен үмітті,-деп атап көрсеткен Рамсфелд.
Рамсфелд Ауғанстан астанасына кеше Оманнан келген, ол Ауғанстанның апиын өндірісімен күреске де ерекше көңіл аударды.
АҚШ-ң қорғаныс министрі Доналд Рамсфелд Кабулда болған кезінде Ауғанстанның алдағы сайлауға әзірлік жұмыстарына ризашылық танытты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Коммунизм мұрасы
Тасаға тығылған тас мүсіндер. Қазақстандағы совет ескерткіштері
-
"Ескертусіз қасақана оқ ату"
"Бәрінің өмір сүру құқығы бұзылды". Қаңтар оқиғасын зерттеген құқық қорғаушылардың есебі
AzattyqTV