Accessibility links

Түркияның солтүстік батысында екі поездың соқытығысып қалуынан кемінде төрт адам қаза тапқан


Премьер-министрдің орынбасары Абдулла Гүлдің айтуынша, тағы да 55 адам жарақат алған. Түрік ресмилері Анкарадан Стамбулға қарай келе жатқан поезд бағдар шамның қызыл белгісіне тоқтап үлгермегендіктен, апат орын алды дейді. Екінші поезд Стамбулдан шығып, батыстағы Адапазар қаласына кетіп бара жатқан. Осыдан бір апта бұрын ғана Стамбул мен Анкара арасындағы поезд апатында 37 адам қаза тапқан еді.
XS
SM
MD
LG