Accessibility links

АҚШ әскерімен радикалды шиитердің жетекшісі Моқтада Әл-Садр бастаған көтерілісшілердің арасындағы қақтығысқа бір аптадан асты


Наджаф деген қаланың шиитер үшін діни маңыздылығы өте ерекше, сондықтан бұл шайқастың барысында АҚШ әскерлерінің арасында кене мұсылман ескерткіштеріне зақым келтірмеу мақсаты тұр. Наджафта көше шайқастары жүріп жатқанына бір аптадан асты. Радикалды шиитердің жетекшісі Моқтада Әл-Садр әскерімен тіл табысу мүмкін болмады, Ирақты жаңа жолға қою мақсатына Әл-Садрдың жақтастары көнбеді, бұл, әрине, өз алдына жеке тақырып. Қасық қанымыз қалғанша соғысамыз деген Әл-Садрдың сарбаздары қала ортасындағы Имам Әли кесенесін пана қылып алды, кесене жанындағы зираттардың маңайында ор қазып, жерге жатып алды.

АҚШ әскері Наджаф қаласының тұрғындарын қаладан шығып кетуді сұраған болатын, кешегі үндеуінде АҚШ әскері Имам Әли кесенесінің маңында тұратын тұрғындарды үйлерінен кетуді сұрады. Ал бүгін тәңертен АҚШ ұшақтары және артиллериясы Имам Әли кесенесін және оның жанындағы ескі зиратты қоршады. Таңертеннен бастап АҚШ тікұшақтарынан атылған оқтардың дыбыстары қала көшелерін жаңғыртты.

АҚШ қолбасшылары негізгі шабуылға халықаралық берлестік әскерлері де қатысып отыр деді. Шайқас аса ұқыптылықпен жүргізіледі, Наджаф қаласындағы бірді-бір кесенеге зақым келтірмейміз, дейді АҚШ қолбасшылары.

Наджаф қаласы әкімінің екінші орынбасары Жәудет Кадхим журналистерді жинап алып, АҚШ әскері бастаған шабуылға наразылық танытамын деп мәлімдеді. "Наджаф қаласы және Имам Әли кесенесі бомбыланып жатыр, мұны террорлық әрекет деп қабылдаймын, жерімізді басып алған әскерлердің барлық террорлық қиымладырына сөгіс айтамын, қызметімнен бас тартымын", - деп мәлімдеді бүгін Наджаф қаласы әкімінің екінші орынбасары Жәудет Кадхим.

Ал радикалды шиитердің жетекшісі Моқтада Әл-Садрдың кеңесшісі Шейх Ахмед Әл-Шайбани болса кеше сарбаздарына ұран тастап, Әл-Садрдың үндеуін оқып берді:

- Мен шахид болсамда, жоқ әлде тұтқынға түссемде басқыншыларға қарсы соғысты жалғастыра беріңіздер, мен осыны қалаймын.

Әл-Садрдың басқа кеңесшісі болса АҚШ әскері шабуыл жасаса Басра қаласындағы портқа алып баратын мұнайқұбыржолын көтерілсшілер жарып жібереді деп ескертті.

Ирақтағы шиит-мұсылмандар негізінен оңтүстікте жасайтыны белгілі. Шабуыл басталды деген хабар келе салысымен Басра қаласында мыңдаған адам наразылық танытып көшеге шықты. Бағдадтың сыртындағы Кадимия қаласы да шиитердің мекені деп саналады. Мында да халық көшеге шығып, Әл-Садрға қолдау білдірді. Ал шииттердің рухани көсемі Әли Әл-Систаниден әзірше ешқандай құлаққағыс жоқ. Ол осыдан бірнеше күн бұрын Наджафтан Лондонға аттанған болатын, денсаулығымды тексертемін деген шаруасымен.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG