Accessibility links

Біріккен Ұлттар Ұйымының қауіпсіздік кеңесі ұйымның Ирақтағы бір жылдық миссиясының мандаты жайлы мәселені талқылайды


Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Кофи Аннан бір жыл бұрын миссия жұмысын тоқтатқан болатын. Ол кезде ұйымның Бағдаттағы штаб-пәтерінде жарылыс болып, 22 адам қаза болған. Олардың ішінде ұйымның Ирақтағы арнайы елшісі Сержио Виейра де Мелло болған. Оның із басары Ашраф Жахаңгір Қазы жуық арада Бағдадқа келіп, жалпы ұлттық мәжіліске қатысуы тиіс. Бұл Ирақтағы жаңа өкілетті билік органдарын ұйымдастырудың бірінші кезеңі.
XS
SM
MD
LG