Accessibility links

Әсірешіл шиіт мұсылмандарының лидері Моқтады әл Садрдың милиция сарбаздары америка әскері басты шабуыл жариялаған Ирақтың қасиетті Наджаф қаласынан кетпейміз деп ант берді


Американың бригадалық генералы Эрв Лессэль Наджаф қаласына жасалған бүгінгі шабуылы шиіт мұсылмандарының қасиетті Имам Әли мешітіне бағытталмаған деді. Наджафтың жоғары лауазымды шенеунігі Джодат Кадхим Американың шабуылына наразылық ретінде қызметінен кететінін мәлімдеді. Ал Ирақтың оңтүстігіндегі Басра қаласында мыңдаған шиіттер шабуылға қарсылығын білдіртіп көшеге шыққан. Ирақтың оңтүстігіндегі Әл-Құт қаласында коалиция күштерімен шиіт милициясы арасында болған шайқаста кем дегенде 72 адам қаза болып, 148 адам жаралы болды. Құрбандар арасында бейбіт тұрғындар бар.
XS
SM
MD
LG