Accessibility links

Афиныда бүгін басталатын 28-ші жазғы Олимпиада ойындарының алауы Акрополға келіп жетті


Олимпиада ойындарының тоғыз дүркін чемпионы, американдық желаяқ Карл Льиюс Олимпиада алауын 1996 жылғы Атланта ойындарының күміс жүлдегері грек спортшысы Ники Бакоджианиге ұстатты. Олимпиада отаны Грекияда осы жылдың наурыз айында тұтанған алау әлемнің 26 елін аралап қайтып келді. Әлемнің көптеген елдерінің басшылары бүгін кешке қарай Афиндағы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады. Оған 202 елден 10,500дей спортшы келді. Ресей президенті Вл. Путин, Франция басшысы Жак Ширак, Германия канцлері Герхард Шредер, Италия премьер-министрі Сильвио Берлускони Олимпиада стадионындағы 75 мың көрерменнің қатарында болады.
XS
SM
MD
LG