Accessibility links

АҚШ Грузия мен Ресейді бейсенбі күні кемінде үш грузин солдаты қаза тапқан Оңтүстік Осетия сепаратистік аймағындағы шеленіскен жағдайды тезірек ретке келтіруге шақыруда


АҚШ мемлекеттік депаратаментінің өкілі Адам Эрели Америка Ресейдің құрамында Грузияның, Ресейдің, Оңтүстік және Солтүстік Осетияның өкілдері бар бірлескен бақылау комиссиясының шұғыл басқосуына шақыруын қолдайтындығын білдіреді деген. Оңтүстік Осетияның жетекшісі Эдуард Кокоити де бейсенбі күні комиссияның кездесуі шиеленісті шешудің жолы деп білетіндігін айтқан: -Грузия жағына оқ атуды тоқтатып, келіссөздерді бастауды ұсынамыз. Қалыптасқан жағдайды реттеп, дауды шешу үшін күн тәртібін анықтап, барлық арағайындардың қатысуымен комиссияның отырысын бастау керек,-деген Кокоити. Грузияның президенті Михаил Саакашвили Оңтүстік Осетия мен Абхазияны бақылауға алуға ант еткен. Республиканың екеуі де 1990 жылдардың басында Грузияның орталық үкіметінен бөлініп кеткен болатын.
XS
SM
MD
LG