Accessibility links

Менингитке шалдыққандар саны республика бойынша 911- ге жетті


Алматы қаласында мамыр айынан бастап менингитпен ауырған 772 адам тіркелген . Мамандардың айтуынша, олардың 87 пайызы 14 жасқа дейінгі балаларды құрайды. Барлық тіркелгендердің 6 пайызы Қазақстананың түрлі аймақтарынан келгендер . Республикалық санэпидемиялогиялық стансаның зертханасына қаладағы 9-ға тарта су қоймаларындағы су тексеруге алынып, оның бірінен «Коксаки В » энетеровирусы табылған . Бүгінде қалада осы жағдайды одан әрі өршітіп алмас үшін біраз жұмыстар қолға алынып отыр.

Бұдан бұрын Алматыдағы менингитке шалдыққандар саны 700 адам дегенді хабарлаған болатынбыз. Бүгінде бұл сан 772 – ге жетіп отыр. Мамандардың айтуынша, олардың ішнде 671-і яғни 87 пайызы 14 жасқа дейінгі балаларды құрайды. Ал ауырғандардың 6 пайызы республиканың әр түрлі аймақтарынан - Алматы , Жамбыл, Шығыс- Қазақстан, Қарағанды және басқа облыстардан келгендерді құрайды. Бұл туралы Алматы қаласының нөмері 1-ші балалар жұқпалы ауырулар ауыруханасының бас дәрігері Мария Кененбаева хабарлаған болатын.

- Бүгінде 158 бала жатыр. Оның 6-уы менингококпен ауырғандар, 75-і серозный менингитпен (ұйыма менингит) , 79-ы іріңді менингитпен жатқан бала. Олардың жағдайлары бүгінгі күнде орташа, өте ауыр ешқайсысы жоқ.

Дәрігер мамандардың айтуынша, елде менингит ауыруының кең таралуы 1980-ші жылдардан бері қайталанып отырғаны осы . Дегенмен, Мария Кененбаева, бүгінде ауыру бір қалыпта келеді, тіпті азайып келеді дегенді айтып отыр.

- Ал енді бұрынғыға қарағанда егерде тәулігіне 24-25 баладан түсіп жатқан болса, кешегі тәулік бойынша 8 бала түсті. Осыған қарағанда бұл менингит тоқтайтын сияқты.

Ал Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік санэпидемиалогиялық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин, елдегі бар вирусты зерттеу үшін шет елдік мамандар көмек көрсетуде дегенді айтып отыр.

- Мына инфекция басталған кезде біз 20 баладан 60 қанының нұсқасын алдық. Сол қанды Американың зерттеу орталығына жібердік. Осы жақында олар зерттеп бізге айтады, ол қандай вирус, ол қалай өзгеруі мүмкін. Соған байланысты осы вирусқа қарсы шаралар істелінеді.

Жалпы Қазақстан бойынша минингитпен аурды дегендер саны жөнінде Республикалық санэпидемстанциясының бас дәрігері Кеңес Оспанов былай деген болатын.

- Қазақстан бойынша 911 адам ауырған, оның 772-сі Алматыда. Шығыс –Қазақстан облысында 52 адам. Қарағандыда 23, Павлодарда 17 адам. Алматы облысында 14адамда осы менингит кездесіп отыр. Ал қалған облыстарда 1- ден 9-ға дейін.

Мамандар, Бүгінде Қазақстанда минингитке шалдығып , одан көз жұмған науқас тіркелмеді деуде. Дәрігерлердің айтуынша, минингиттің ең алғашқы белгілері желке тұста бастың қатты ауыруы, адамның басы айналып құсқысы келуі. Кеңес Оспанов, Минигиттің жәнеде басқа жұқпалы ауырулардың пайда болуы көп жерде күнделікті тазалықтың болмауынан дегенді айтып отыр.

- Мына біздің Алматыда жазда күн ыстық көп жағдайларда адамдар фонтанға түседі, көлге түседі. Өздері ғана түсіп қоймай өздерінің иттерінде түсіреді.Сондықтан біздің суларымыздың көпшілігі лас. Алматыдағы үлкен – кіші Алматы өзенінің жоғары жағында көп адамдардың саяжайлары, үйлері бар. Олардың барлығы ұялмай қоқысты сол суға жібереді. Соның арқасында осындай жағдайлар болып отыр.

Жоғарыдағы жағдайдың одан әрі өршіп кетпеуі үшін мамандар қаладағы, ашық су қоймаларында, балабақшаларадағы және балалар лагерьлеріндегі бассейндердерде шомылмауға шақырып отыр. Қала ішіндегі бассейндермен аквапарктерді дезинфекциялау күшейтілген .
XS
SM
MD
LG