Accessibility links

Оппозициялық екі саяси партия қазан айында президент Нұрсұлтан Назарбаевқа импичмент жариялау туралы референдум өткізу мәселесін көтеріп отыр


Шілденің 13-і, жұма күні Қазақстанның коммунистік партиясының лидері Серікболсын Әбділдин коммунистердің кезекті съезінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты отставкаға жіберу туралы халықтық референдум өткізу жайлы шешімге келгендерін, алайда, сайлау науқанының басталуына сәйкес бұл шара күзге, дәлірек айтқанда, қазан айына шегеріліп отырғандығын жеткізді.

- Партия бойынша Назарбаевтың мерзімінен бұрын отставкаға кетуі үшін оған қарсы дауыс жинау әзірленіп жатыр. Бірақ сайлау науқанының басталуына байланысты ол қазан айында болады. Серікболсын Әбілдиннің пікірінше, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың заңсыз отырғандығы жұртқа мәлім:

- Бірінші және екінші Конституция бойынша ол бес жыл ғана отыруы керек. Бірақ оның президент болып отырғанына он бес жыл болып қалды. Басқа негіз іздеп те қажеті жоқ. Конституцияны бұзған адам дейміз де, халыққа сұрақ қоямыз. Ол референдум өткізу процедурасының барлық тәртібі сақталатындығын айтады:

- Ең бірінші әр облыстан адамдар шақырып, осында жиналыс өткізуіміз керек. Әр облыстан отыз екі адамнан кем болмауы керек. Оның барлығын қазан айына қалдырдық.

Қазақстан коммунистер партиясы басшысының сөзіне қарағанда, референдум өткізу-өткізбеу мәселесі сайлау қорытындысына байланысты емес:

- Сайлау қалай өтсе де, біз ол сұрақты халықтың алдына референдум етіп қоямыз.

Қазақстан коммунистерінің бастамасын қазірдің өзінде оппозициялық Қазақстанның демокартиялық таңдауы халықтық партиясы қолдап отыр. Бұл жайында осы партияның төралқа төрағасы Асылбек Қожахметовтің сөзінен мәлім болды:

- Иә, біз оған қатысамыз. Біріншіден, бұл – Коммунистік партияның бастамасы. Екіншіден, референдум сайлаудан кейін болуы керек. Алайда, билікке сын-пікір білдіріп жүрген келесі бір партия – Қазақстанның демократиялық «Ақ жол» партиясы мұндай бастамамен келіспейді. Бұл жөнінде осы партияның теңтөрағасы Болат Әбілов айтты:

- Бізде демократия ғой. Кім қандай референдум өткізсе де, өздері біледі. Бірақ біз мұны дұрыс емес деп ойлаймыз. Себебі, президенттік сайлауға дейін бірер жыл қалды ғой.

Президенттік «Асар» партиясының парламенттегі фракциясының мүшесі әрі заңгер Валериян Землянов «Референдум туралы» заңда референдум процедурасын өткізу үшін алдымен 200 мың дауыс жинап, сонымен президент импичментке келісуі үшін рұқсат сұрау керектігі анық жазылған дейді:

- Бұл көршілерді жинап, «сіздің рұқсатыңызбен үйіңізді тартып аламыз» деумен бірдей. Ақылға сыймсыз.

Оның пікірінше, референдум жариялау үшін алдымен президенттің орнына лайықты тұлғаны ұсыну керек. - Нұрсұлтан Назарбаевтан басқа президенттікке лайықты адамды көріп отырған жоқпын. Референдум өткізуді ол оппозиционерлердің пиар-акциясы деп бағалап отыр.

Жалпы оппозиционерлер бұған дейін де референдум өткізу туралы бастама көтерген. Бұл орайда Асылбек Қожахметов былай дейді:

- Мәселен, біз жерге жекеменшік енгізу бойынша референдум өткізуге бастама көтердік. Алайда, барлық тәртіп сақталып, бар құжаттар жиналғанымен, Орталық сайлау комиссиясы Жоғары сот арқылы бідіңз референдум жариялауға құқымыз жоқтығы жайлы деген шешім шығарды Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның демократиялық «Ақ жол» партиясы да шілденің 30-ы күні болған съездерінде Жер мәселесіне, электронды дауыс беру жүйесіне, жалақы мен зейнетақыны өсіру бойынша күзде, Парламенттік сайлаудан кейін референдум өткізу қажеттігін айтқан.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG