Accessibility links

Америка Құрама Штаттары штаб басшыларының біріккен комитетінің төрағасы Ричард Майерс Ирактағы тұрақтандырушы күштер құрамындағы Қазақстанның жасақ қызметін жоғары бағалады


Бұл жайында Ричард Майерс тамыздың 13-і күні Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің штаб бастықтары комитетінің төрағасы Болат Дарбековпен кездесуінде мәлім етті. Кездесуде Орталық Азия аймағында қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі бірлескен қызмет, екі ел арасындағы әскери ынтымақтастық дамытудың келешегі сөз болды.

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің штаб бастықтары комитетінің төрағасы Болат Дарбеков пен кездесуінде Америка Құрама Штаттарының штаб бастықтары біріккен комитетінің төрағасы Ричард Майерс Қазақстанның аймақтағы тұрақтылық ісіне қосып отырған үлесіне маңыз берді.

Ричард Майерс Ирактағы Қазақстан жасақ қызметінің нәтижесінде 2,5 миллионаннан аса жарылғыш заттардың залалсыздандырылғанын айтты.

Ал, Қазақстаннан Иракқа үшінші жасақ қызметі контингентінің аттануын Ричард Майерс Қазақстанның терроризммен күрестегі шынайы ұстанымын көрсетеді, дейді.

Бұл орайда Америка Құрама Штаттарының штаб бастықтары біріккен комитетінің төрағасы терроризммен күресте үнемі қолдау көрсететін Президент Назарбаевқа алғыс білдіргіміз келеді, деді.

Сондай-ақ, ол Болат Дарбековпен кездесуінде Иракқа төртінші немесе бесінші жасақ қызметінің баруы жайы талқыланбағанын айтты оны Қазақстан үкіметі шешетін болады, дейді.

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің штаб бастықтары комитетінің төрағасы Болат Дарбеков қазіргі уақытта аймақта қалыптасып отырған, оның ішінде Ирактағы жағдай бойынша Майерс мырзаның ақпараттарын тыңдадық. Талқыланған мәселелелер ішінде әскери ынтымақтастық саласы да болы, деді.

Дегенмен Иракта Қазақстан жасақ қызметінің болуына қоғамда пікір әртүрлі.

Саясаттанушы Әзімбай Ғали Қазақстан әскери жасағының Иракта болуы тәжірибе жинақтауға қажет. Бұл Қазақстанның дербес саясатының көрінісі деген пікірде.

Ал, философия ғылымдарының докторы, профессор Қамалбай Марданов Ирактағы шиеленісті жағдайда Қазақстан жасақтары елге қайтуы керек, дейді.

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің штаб бастықтары комитетінің төрағасы Болат Дарбеков тамыздың 18-і мен 25 аралығында Алматы облысы аумағында Қазақстанның, Ұлыбританияның және Америка құрама штаттары қарулы күшетері бөлімшелерінің қатысуымен бірлескен «Дала бүркіті» оқу-жаттығу өткізу жоспарланғанын айтып отыр.
XS
SM
MD
LG