Accessibility links

Мәдениет саласына бетбұрыс бар, десе де көңіл бөлуді қажет ететін мәселелер аз емес, дейді мамандар


Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов бұрынғыға қарағанда мәдениет саласына бетбұрыс жақсарды. Десе де мәдениетке қаншалықты көңіл бөлінентін теледидардағы берілетін ақпараттардың ретіне қарай байқауға болады. Себебі барлық жаңалықтың соңына қарай ауа-райының алында ғана мәдениетке аздап тоқталады. Ал, шын мәнінде мәдениет, спорт мемлекетті басқа бір мемлекетке таныстыратын салалар. Мұны басшылар білуі қажет. Ал, бюджетті қараған кезде мәдениет бөлінетін қаржыға көзқарас оң болуы тиіс, дейді.

Асанәлі Әшімов өнердің көптеген майталмандары қаңғып базарға, басқа мемлекеттерге кетті. Мұның барлығы өнерге деген көзқарастың нашарлығынан. Ал, қазіргі уақытта кино түсіру үшін операторды, суретшіні басқа шетелден шақыруға тура келеді. Осындай қара-қайшылық бар, дейді.

Мәдениеттанушы Әуезхан Қодар Қазақстанның 2004-2006 жылдарға арналған мәдени мұра бағдарламасын мәдениет саласындағы маңызды істерге теңейді. Алайда, бұл шарамен шектелуге болмайды. Бұл шараны дамыту керек деген пікірде.

«Қазақфильм» ұлттық компаниясының бас редакторы Дидар Амантай қазіргі уақытта Қазақстанда мәдениетке көңіл бөлініп отыр деп есептейді. Мәдени мұра бағдарламасы аясында бірқатар шаралар атқарылады дейді.

Мәдениет саласы сөз болғанда мамандар әрқилы пікірлер білдіреді.Олардың бірі өнерге қамқорлық жайын және дамыту мәселесін сөз етсе, енді бірі өнердің әр саласын зерттеушілердің әлі күнге санаулы болып отырғанын алға тартады.
XS
SM
MD
LG