Бір айдан астам уақыттан бері аштық жариялаған Қостанайлық 63 жасар зейнеткер аштықты тоқтатып, осы аптада үйіне шығарылатын болды. Дәрігерлердің айтуынша, бүгінде қалалық ауруханада жатқан Алефтин Овчаровтың жағдайы бірқалыпты, тамақ ішуі жаман емес, алайда мінез-құлқында өзгерістер байқалып отыр екен.
40 күннен бері нәр татпаған Қостанайлық зейнеткер Алефтин Овчаров осыдан 2 апта бұрын денсаулығына байланысты қалалық ауруханаға жатқызылған. Қалалық аурухананың бас дәрігері Қайролла Қайырбайұлы бүгінде оның денсаулығы бірқалыпты, тамақ ішісі жаман емес десе, Алефтин Овчаровтың өзімен тілдеспек болып аурухананың гастроэнтерология бөліміне хабарласқанымызда, бас дәрігердің орынбасары Владимир Михайленко науқастың мінез-құлқында өзгерістердің байқалып отырғанын, емдеуші дәрігерлерге тіл тигізіп, балағаттағаннан кейін дәрігерлердің ешқайсысы жанына жолағысы келмейтіндігін айтып отыр. Алефтин Овчаров өзін үйге шығаратынын білгендіктен бұл жердің өзіне ұнамайтынын, дұрыс жағдай жасалмай отырғандығын айтып, дәрігерлердің үстінен арыз жазған, бірақ дәрігерлердің барлығы өте мәдениетті, сыпайы түрде араласып, барлық жағдайды жасаған болатын, ал ол кісі емделіп жатқан бөлмеге телефон орнатылмаған, байланысқа шығу мүмкін емес дегенді айтты.
Зейнеткер қаладағы жылу энергетика компаниясына өзі тұрып жатқан пәтеріндегі жылудың температурасы 18 градустан аспайтынын айтып, бір жыл бойғы жылуға төленетін ақыны мойнынан алып тастау жөнінде шағымданған болатын. Арыз-шағымы қанағаттандырылмаған ол аштық жариялауды бастаған, - дейді Қостанай облысындағы тілшіміз Ақылбек Қожаұлы. «Ол кеудесіне 10 жыл бойы жұмыссызбын, 5 жылдан бері суық үйде тұрып жатырмын деген жазу іліп, облыстық әкімшіліктің алдында тұрған жерінен ішкі істер органының қызметкерлері облысқа қарасты Затобол поселкесіндегі жүйке аурулары ауруханасына апарып жатқызып қойған. Осы ауруханада 3 апта бойы жатқан ол берген тамақты ішпей, тек сумен қоректеніп, аштықты жалғастыратынын айтқан».
Қаладағы жылу энергетика компаниясына хабарласу мүмкін болмады. Ақылбек Қожаұлының айтуынша, арада 20 күннен астам уақыт өткен соң қалалық ауруханаға ауыстырылып, денсаулығының жарамайтындығын айтып аштықты тоқтатқан. Алайда, егер қойған талабы орындалмайтын болса, өзін-өзі өртейтінін, яғни өз-өзіне қол жұмсайтындығын айтқан.
Қостанай қалалық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Владимир Михайленконың айтуынша, Алефтин Овчаров осы аптада үйіне шығарылады. Алдағы күндерде де дәрігерлердің бақылауында болмақ.