Қазақ ақпарат агенттігінің Рост Бизнес Консaлтингке сілтеме жасап таратқан ақпараттағы Америка Құрама Штаттарының Президенті Джордж Буштың таяу он жылдың ішінде Еуропа мен Азиядан 60-70 мың америкалық әскерилер шығарылады деген мәлімдемесін қазақстандық саясаткерлер оны биылғы жылы күзде АҚШ-та болатын Президент сайлауымен байланыстырады.
Аталған ақпарат көзінде Америка әскерилерінің әлемнің барлық аймағынан көшірілетіні айтылады. Әсіресе, 50 мыңдай адамның Германиядан басқа елдерге және Америка Құрама Штаттарына ауыстырылатыны, ал, Оңтүстік Кореядан 3 мың 500 Америка әскерилерінің Иракқа жіберілетіні, сондай-ақ Еуропадағы Америка әскер штабының Лондоннан Неаполға ауыстырылатыны белгілі болып отырғаны аталады.
АҚШ Президентінің аталған мәлімдемесін Қазақстандық саясаткерлер Джродж Буштың Президент сайлауы алдындағы саясатына теңесе енді бірі бұл мәлімденменің президент сайлауына қатысы жоқ дегенді айтады.
Парламент Мәжілісінің депутаты Серікбай Әлібаевтің пікірінше:
-
АҚШ президентінің бұл мәлімдемесін екі жағы бар. Біріншіден, сайлау алдындағы пиар, екіншіден, еуропаның көп елдері Америкамен бірге. Сондықтан оларға әрі қарай жылжу керек. Олар Еуропадан алады да басқа жерлерге жібереді.
Саясаттанушы Сейдахмет Құттықадам да аталған мәлімдемені Джордж Буштың сайлау алдындағы әрекетіне теңейді.
Ал, тағы бір саясаттанушы Әзімбай Ғалидың айтуынша, Америка Құрама Штаттарының әскери доктринасы ұзақ мерзімге жазылады:
-
Ол ұлттық қауіпсіздік және Америка Құрама Штаттарының стратегиялық мүдделерінен туындайды. Ал, доктринаның өзгеруіне Президент сайлауының тікелей қатысы жоқ. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін біраз геосаяси жағдай өзгерді. Әсіресе 1989-1991 жылдары үлкен өзгерістер болды. Варшава келісімі жойылды. КСРО құрыды. Бүгінгі таңда НАТО-ның функциялары өзгерді. Өйткені, КСРО жоқ болғаннан кейін Ресейдің әскери қауқары азайды. Ресейдің геосаяси доктринасы өзгерді. Ал, НАТО-ның мүшелері Балтық жағалауына жетті. Сондықтан АҚШ Еуропада үлкен контингент ұстауды жөн көрмейді.
Қазақстандық саясаткерлер білдірген пікірлер осындай. Ал, АҚШ Президентінің мәлімдемесіне қарағанда шығарылған әскерилер Америка Құрама Штаттары аумағында орналастырылмақ екен.