Accessibility links

«Хизб-ут-тахрир» ұйымының бір мүшесі 2 жылға бас бостандығынан айырылды


Тамыздың 16-ы күні Павлодар қалалық соты “Хизб-ут тахрир” ұйымының биылғы жылы осымен үшінші мүшесін 2 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Бұл жайында «Азаттық» радиосына сот төрешісі Бахтияров тамыздың 17-сі күні мәлімдеді.

БАҚТИЯРОВ, Павлодар қалалық сотының төрешесі:

- Павлодар қаласының тұрғыны Владимр Севостьяновқа Қылмыстық кодекстің 164-ші және 337-ші бабы бойынша діни араздықты қоздырушы, азаматтық міндетін өтеуден бас тартты деген сияқты бірнеше айып тағылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2003 жыдың соңында Павлодар қаласындағы Мәшһүр Жүсіп атындағы орталық мешіт ғимаратынан бірқатар діни әдебиеттер табылып, оны таратуға қатысы бар деген күдікпен Павлодар облысының тұрғындары Арман Қамзин, Руслан Ғинатуллин және Владимир Севастьянов қамауға алынады. 2004 жылдың шілденің 1-де Павлодар қалалық соты 29 жасар Арман Қамзин мен Руслан Ғинатуллиндерге 2 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарады. Ал 23 жасар Владимир Севастьяновты психикалық ауруға шалдыққан деген күдікпен арнайы медициналық тексеруге жөнелткен болатын. Алайда, психиатриалық сараптама жұмыстары Севастьяновты ақыл-есі дұрыс деп тақан дейді Павлодар облыстық ұлттық қауіпсіздік басқармасының қызметкері Қуаныш Зәбірұлы.

Қуаныш ЗӘБІРҰЛЫ, Павлодар ұлттық қауіпсіздік басқармасының қызметкері: -

Иә, оны басы ауырады деп тайқыды ғой бастапқыда. Содан кейін Алматыға тексеруге жіберді. Онда оның сот алдында жауап бере алатындығы анықталды.

Сол себептен, тамыздың 2-де Владимир Севастьяновтың үстінен сот процесі басталады. Қуанышбек Зәбірұлы күдіктілер ұсталғаннан кейін Павлодар өңірінде “Хизб-ут тахрир” ұйымының үнпарақтарының таратылуы сап тиылды дейді:

- Көз тиіп кетпесін, үнапарақтар тарату тиылды. Алдымен анау бастысы Хамзин, Ғинатуллин, сонан соң үшіншісі кетті.

Мәселен, оның айтуынша, жуырда Қазақстаннның кейбір өңірлерінде үнпарақтар таратылады деген ақпарат түскенімен, ондай көрініс Павлодарда байқалмаған:

- Бізде де болады деп ойлағанбыз. Бірақ ешқандай үнпарақтар табылған жоқ. Меніңше, сот болғаннан кейін жағдай жақсарған сияқты.

Оның есесіне Оңтүстік Қазақстан облысының бірнеше қалаларында полиция қызметкерлері сенбі күні «Хизб-ут-тахрир» ұйымының 192 үнпарақ таратқан төрт адам ұсталған.

ОМАРБАЕВ, полковник, Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер басқармасының қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы:

- Сенбі күні олар шығады дегенде тәртіп сақшыларын қойып тастадық. Негізінен «Зиз-ут-тахрир» шығатын Кентау, Арыс, Түркістан, Шымкент, Жетісай қалаларында.

Оның сөзіне қарағанда, үнпарақтар таратушылардың барлығы жергілікті тұрғындар:

- Көпшілігі жұмыссыздар. Сондықтан, ақша берсе олар соған мүше болып, таратады.

Бұл өңірде осы күнге дейін «Хизбу-ут-тахрир» ұйымының қызметіне байланысты 7 адам сотталған. Мұндай оқиғаның жаппай белең алуын полковник Омарбаев өзінше түсіндіреді:

- Бізде негізінен үнпарақтар таратушылар ұсаталады. Қазір арнайы қызметтердің барлығына тапсырма берілді: «Оның таралу ошағын табу керек!»

Қазақстанда соңғы кезде «Хизб-ут-тахрир» ұйымының мүшелерінің жауапқа тартылуының жиілеп кетуін адам құқығы мен заңдылықты сақтау халықаралық бюросының қызметкері Андрей Гришин парламент қарауына ұсынылған «Экстремистік қызметпен күрес» заң жобасымен байланыстырады. Андрей ГРИШИН, халықаралық адам құқығын қорғау және заңдылықты сақтау бюросының қызметкері:

- Бұл заң жобасы кейбір заңды ұйымдарға қарсы қызмет етуі мүмкін. Бұл орайда «Хизб-ут-тахрир» ұйымының мүшелері мемлекеттік тәжірибе жасау құралына айналып отыр. Сондай-ақ ол Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті «Хизб-ут-тахрир» ұйымының мүшелерін жаппай жауапқа тарту арқылы дүниежүзілік қауымдастық алдында терроризммен күрестің жүріп жатқандығын көрсеткісі келеді.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG