Accessibility links

Сергей Дуванов мерзімінен бұрын бостандыққа шығады


Тәуелсіз журналист Сергей Дуванов тамыздың 27-сі күні бостандыққа шығуы тиіс. Себебі, Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының Дувановты мерзімен бұрын босату туралы тамыздың 16-сы күні қабылдаған шешімі он күннен кейін өз күшіне енеді. Халықаралық адам құқын қорғау және заңдылықты сақтау бюросының жетекшісі Александр Жовтис:

- Бұл - Дувановты тәртібі жеңілдетілген колонияға ауыстырған сияқты Қылмыстық-атқару жүйесі заңнамасына толық сәйкес келетін шешім. Естеріңізге сала кетейік, тәуелсіз журналист Сергей Дуванов 2003 жылы қаңтар айының 29-да кәмелетке жасы толмаған қыз зорлады деген айыппен 3 жарым жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Алайда, бірқатар халықаралық адам құқығы және сөз бостандығын қорғау ұйымдары сот үкімін Сергей Дувановтың оппозициялық және журналистік қызметімен байланыстырып келген. Биылғы жылдың қаңтар айында Дуванов жазасын өтеу мерзімінің үштен бірін өткерген тұтқын ретінде тәртібі жеңілдетілген колонияға ауыстырылып, адам құқығын қорғау бюросындағы қызметін жалғастырады. Алайда, Дувановтың өзі мерзімінен бұрын босаталуын толық еркіндікке шығу деп есептемейді.

Сергей Дуванов:

- Полиция бөлімінде тіркеліп, оны учаскелік полиция қызметкері ұдайы қадағалап отырады. Егер маған кесілген уақыт аралағында қылмыс жасасам, бұрынғы жазама қосымша мерзім қосылып, барлығы қайта басталады.

Сондай-ақ Сергей Дувановтың жас жеткіншектер қатысатын мерекелік мәдени шараларға қатысуына болмайтындығы жайлы тиым күшінде қалған. Евгений Жовтис:

- Жастар бар деп цирк, театр, кинотеатрға баруға тиым салынуы жұмсартып айтқанда даулы. Сол себептен, оны шағымдау мәселесін қарастырып жатырмыз.

Жалпы Қазақстанның саяси билігі Дувановтың бостандыққа шығуына мүдделі болған жоқ, ешқандай арандатушылыққа бармай, барлығы заң шеңберінде жүзеге асты.

Серікболсын Әбділдин, Парламент депутаты:

- Дувановтың мерзімінен бұрын бостандыққа шыққаны айқын түсінікті деп есептеуге болмайды. Дегенмен, оны қорғайтын тек біздің қоғам емес, шетелдік ұйымдар көп болды. Соның әсері тиген болар. Заманбек Нұрқаділов, саясаткер:

- Жақияновты да босаттық деп, Алматыға әкелмей, Павлодардың түкпіріне апарып тастады. Дувановты да былай жасап, сайлау алдында енді тағы басқаша жасап отыр. Сондықтан, мұны мен бір жақсылық жасалды деп есептемеймін.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG