Accessibility links

Грузия Оңтүстік Осетиядан әскер шығаруға келісті


Оңтүстік Осетия өкілдері айтқандай, Грузия маусым айында кіргізілген барлық әскерін осы елден қайтаруға келісті. Ол әскерлер 1992-шы жылғы бейбіт келісімге қайшы кіргізілген. Грузияның әскерді кіргізгенде ресми түрде айтқан сылтауы – контрабандағы қарсы күрес және Оңтүстік Осетияда жасайтын этникалық грузиндерді қорғау. Бұл өз кезегінде ресми Цхинвалидің алаңдаушылығын көбейтті, президент Михаил Саакашвили орталық үкіметтің бақылуын қайта орнатуы мүмкін деген алаңдаушылық пайда болды. Екі арадағы жекелеген қақтығыстарға бірнеше апта болды.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG