Accessibility links

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Орталық Азияға көбірек назар аудармақ


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы Соломон Пасси Еуропадағы ең ірі құқыққорғаушы халықаралық ұйым ретінде Кавказ және Орталық Азия аймақтарына енді көбірек назар аударуымыз қажет деп мәлімдеді. 55 елдің басын қосып отырған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қызметіне 11 қыркүйек шабуылдарынан соң тиісті өзгерістер еңгізілді, енді Кавказ және Орталық Азия аймақтарының саяси және экономикалық дамуының кеңеюіне көмектескеніміз жөн, - деді Соломон Пасси. Осы мақсатпен Соломон Пасси ұйымның жылдық экономикалық және құқыққорғау мәслихаттарын Орталық Азия және Кавказ елдерінде өткізу керек.
XS
SM
MD
LG