Accessibility links

Наджафта шайқастар жалғаса түсті


Наджаф қаласында Имам Әли кесенесінің маңында радикалды шиитердің әскерімен АҚШ бастаған әскердің арасында қақтығыстар жалғаса түсті. Екі жақтың майдандасқанына екі аптадай болды. Қақтығысты басу мақсатында Наджафта бүгін Ирақтың бір топ саяси және діни қайраткері бас қоспақ. Бұл келіссөздер қауіпсіздік мәселесі шешілмеген соң кейінге қалтырылған болатын. Наджаф полициясының бастығы Ғалиб Әл-Жезайри қақтығыстың жанданғанына көтерілісшілердің басшысы Моқтада Әл-Садр айыпты деп мәлімдеді:

- Наджаф әкімі қалаға тыныштық әкелу үшін және келісімге қол жеткізу үшін бар амалын жасады. Біз барлығымыз бейбітшілікті, тыныштықты және келіссөзді қалаймыз, бірақ оны мына Моқтада Әл-Садрдың адамдары қаламайды. Олар сатқындар, оларға сенім жоқ.

Бағдадта бүгін мина жарылып, кемінде 6 адам қаза тапты, 20 шақты адам жараланды.
XS
SM
MD
LG