Accessibility links

Шідерті тәртібі жеңілдетілген колониясына Ғалымжан Жақиянов ауысып келгеннен кейін ондағы тәртіп күшейтілген


Павлодар облысында 1982-ші жылы салынған Шідерті еркін қонысында 140 адам тіркелген. Қазір онда 100-дан аса адам бар екендігін айтады Ғалымжан Жақиянов Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық партиясының баспасөз қызметіне берген сұқбатында.

Ғалымжан Жақиянов, Павлодар облысының бұрынғы әкімі:

- Бұған дейін олар Павлодар мен Екісбастұздағы кәсіпорындарын жұмыстарын істеп, отбасының қасында болған. Тек айына бір мәрте жоспарлы түрде колонияға келіп, белгіленіп отырған. Алайда, мен осында ауысып келгеннен кейін олардың кәсіпорындармен жасаған келісім-шарттары шұғыл түрде үзіліп, барлығын осында топтастыра бастады.

Кенеттен тұтқындардың колонияға қайтарылуы олардың Ғалымжан Жақияновқа деген наразылығын тудыруы мүмкін деп есептейді тамыздың 17-сі күні онымен кездескен сенатор Зәуреш Батталова. Зәуреш Батталова, Парламент Сенатының мүшесі:

- Мысалы, мен Әнуар деген жігітпен кездестім. Ол Павлодарда тұрып, сонда бір шаруашылықта жұмыс істеп, отбасымен тұрып жатқан. Соны ештеңеге қарамай, киімін ауыстыртпастан осында алып келген. Сондай-ақ Жақияновтың келуімен телефон байланысында қиындықтар пайда болды. Мәселен, ұялы телефондарды алып алған. График пайда болған.

Ғалымжан Жақиянов:

- Қарапайым ұялы телефон пайдалануға тиым салынған.

Зәуреш Батталова:

- 15 күнге карантин жарияланған. Бірақ мен барғанда да, Ғалымжанның ағалары барғанда да колонияға кіргізді. Егер туыстары келсе, жібереміз деп отыр. Бұл карантин емес. Егер жұқпалы аурудан сақтанса, бұл азаматқа ешкім кірмеуі, шықпауы тиіс қой?! Алайда, бір адамдарға рұқсат беріліп, кейбіреулеріне тиым салынып отыр. Екіншіден, колонияның басқа адамдары сол жерге жақын жатқан поселкеге емір-еркін барса, Ғалымжанды еркін қоныс ауқымынан шығармайды.

Ғалымжан Жақиянов:

- Заң шеңберінде алып қарағаннның өзінде Шідерті колониясындағы жағдай еркін қонысқа келмейді. Маған азаттықтық бір жұтым ауасын бергендей болды.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG