Герат провинциясында әкім Исмаил Хан мен дала қолбасшысы Аманұллы Хан жақтастары арасында қарулы қақтығыс жалғасын тауып жатыр. Бір күн бұрын АҚШ-тың өкілі Залмай Халилзод оның делдалдығы арқасында екі жақ уақытша келісімге келді, деп хабарлаған болатын. Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Кофи Аннан бүгін Ауғанстанға шұғыл түрде қосымша бітімгершілік күштерін жіберу туралы ұсыныс жасады. Бұл күштер қазан айының 9 күні болады деп, жоспарланып отырған президент сайлауы барысында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін қажет.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық зерттеуі | 2-БӨЛІМ
Дубайдағы Қазақстан. Құқық қорғау органдарының қазіргі және бұрынғы шенділері
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?