Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззәт Сүлеймен саяси партия өкілдерінің телевизиялық пікір сайыстарды өткізу мерзімін қыркүйек айына ауыстыру әрі оны қазақ және орыс тілінде болғаны дұрыс деген пікірлерінің қаралып, оған орталық сайлау комиссиясы өз ұсыныстарын енгізгенін айтты:
-Тағы да үш теле пікір –сайыс өткізу туралы ұсыныс айтылды. Екеуі қазақ, біреуі орыс тілінде. Бірақ ол саяси партиялардың қаржысы қорынан өткізіледі.
Ләззәт Сүлейменнің айтуына қарағанда, соңғы үш теле пікір-сайыстың бағасы телеараналар қойған бағадан әлдеқайда төмен. Ал, пікір-сайыстар «Ұлтаралық келісім-тұрақтылық кепілі», «Мәдени мұра құндылықтары», «Лаңкестік -әлемдік тауқымет» деген тақырыптары бойынша дейді.
Тамыздың 18-і күні журналистермен болған кездесуінде Ақпарат министрі Алтынбек Сәрсенбаев Орталық сайлау комиссиясының парламент Мәжілісі сайлауының сайлау алды жұмыстарын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттаудың Ортақ Ержесіне байланысты қойылған сұраққа берген жауабында ереженің ақапарт министрлігінің келісімінсіз бекітілгенін айтқан болатын, Сондай-ақ министр телевизиялық пікір-сайысқа қатысты пікірін білдірген-ді. Ақпарат министрінің пікірінше, партиялар өз бағдарламаларын халыққа жариялап, барлық аймақты араласа, содан кейін ғана телевизиялық пікір-сайыстарды қыркүйек айында ұйымдастыруға болады.
Ақпарат министрі аталған ережені қайта қарау керек. Кезінде мұны заңда қарамағанымыз жөн болмады. Теле сайыстарды ұйымдастыру орталық сайлау комиссиясына бекітіліп кеткен. Бұл норма бұқаралық ақпарат құралдарына таралуы керек деп есептеймін, Ал орталық сайлау комиссисяы тек ережені бекітуі керек, дейді.
Ал, «Отан» партиясының парламенттік фракциясының жетекшісі Қайролла Ережепов, телевизиялық пікір-сайыстың тамыз айында өтуінде тұрған ештеңе жоқ, дейді.
Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық партиясы саяси кеңесінің төрағасы Асылбек Қожахметов болса пікр-сайыстардың сайлау күні жақындағанда болғаны жөн, дейді.
Саясаткер Сейдахмет Құттықадам аталған пікір-сайыстар сайлау күнінен әлдеқайда бұрын өтсе ұмтылып кетеді. Сондықтан ең соңғы сәтте болғаны дұрыс және әр пікір-сайыс кемінде екі сағат болуы керек дейді.
Саяси партия өкілдері телвизиялық пікір-сайыстарға 50 минөттен уақыт берілуі аздық етеді.Өйткені, 12 партия қатысқанда олардың әрқайсына шамамен 4 минөттен тиеді деседі.