Accessibility links

Заманбек Нұрқаділов Астана қаласының Сарыарқа сотының шешіміне қанағаттанбай отыр


- Төтенше жағдайлар бойынша агенттіктің бұрынғы төрағасы Заманбек Нұрқаділовтің шағым-арызына орай Астана қаласындағы Сарыарқа соты тамыздың 17-де шешім шығарып, оның талаптары жартылай қанағаттандырды,- деп хабарлады «Азаттық» радиосына оның қорғаушысы Серік Сәрсенов. Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың наурыз айының 25-де Заманбек Нұрқаділов ар-ожданын қорғау үшін сотқа шағымданған болатын. Бұл шағым арыз бойынша ол премьер-министр Даниал Ахметовтен моральдық шығын ретінде 777 миллион теңге, «Хабар» агенттігінен 666 миллион, Төтенше жағдайлар бойынша агенттіктің төрағасы Нұрахмет Бижановтан 111 миллион теңге талап еткен. Ал соңғы сот шешімі Бижановтан өндірілетін моральдық зиянды 50 мың теңге ғана деп көрсеткенін айтады Заманбек Нұрқаділовтің өзі.

Заманбек НҰРҚАДІЛОВ:

«Бижанов менен ресми түрде кешірім сұрауы керек. «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттері арқылы. Менің ар-намысымды таптағаны 50 мың теңгеге бағаланыпты. Ол арзан ба, қымбат па, ол соттың өз ар-ұятына байланысты. Мен ақшасын санайын деп отырған жоқпын. Ал Ахметов пен «Хабар» агенттігіне қойған талабым дұрыс шешілген жоқ деп есептеймін.

Серік СӘРСЕНОВ, қорғаушысы:

- Премьер-министр Даниал Ахметов пен «Хабар» агенттігіне қойған талабының қанағаттандырылмағаны толықтай заңсыз. Мәселен, премьер Даниал Ахметовтің тарапы оның кінәсіз екендігін дәлелдейтін бірде-бір айғақ берген жоқ. Ал дәл қандай себеппен талап қанағаттандырылмай отырылғаны белгісіз. Сот шешімі пошта арқылы жіберілгендіктен, құжатты әлі алған жоқпыз. Алайда, онда ешқандай заңдық тұрғыдағы уәж айтылуы мүмкін емес. Оның айтуынша, сол себептен, сот төрешісі не үнсіз қалып, жауап бермейді, не болмаса Даниал Ахметовті жауапқа тартпау үшін өзі ойдан бір нәрсе құрастырады.

Сонымен, бұл мәселенің мән-жайын білу үшін үкім шығарған сот төрешісі Зоя ФАТАХОВАҒА хабарласқанымызда оның қабылдау бөлмесіндегі көмекшісі бастапқыда: «сот отырысы жабық түрде өтті. Сондықтан, төреші сіздерге белгілі-бір түсіндірме береді деп ойламаймын»,- десе, сөз соңында бірнеше сағаттан кейін хабарласуымызды өтінді. Алайда, бірнеше сағаттан кейін де төреші орнында болмай шықты.

Сондай-ақ Төтенше жағдайлар бойынша агенттігі төрағасы қабылдау бөлмесіндегі телефон да тамыздың 19-ы күні күн ұзақ жауап бермеді. Мұстахим ТӨЛЕЕВ, заңгер:

- Егер Төтенше жағдайлар бойынша агенттік төрағасы сот алдында жала жапқаны үшін жазасын тартса, премьер-министр мен «Хабар» агенттігі де сот алдында жауап беруі тиіс. Себебі, Даниал Ахметов кезінде Нұрқаділовті жұмыстан шығарған кезде сол мәліметтерді негізге алған. Енді олар жоққа шығарылды. Яғни, оны айтқан Ахметов те, оны таратқан «Хабар» агенттігі де жауап беруі тиіс. Сергей ДУВАНОВ, Халықаралық адам құқығы мен заңдылықты сақтау бюросының қызметкері:

- Даниал Ахметов пен «Хабар» агенттігінің жауапқа тартылмауында тұрған таңданатын ештеңе жоқ. Біріншісі – премьер-министр болса, екіншісі – Президенттің қызының өнімі.

Заманбек Нұрқаділов сот шешіміне қанағаттанбағандықтан оны Астана қалалық сотында шағымдауды көздеп отыр.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG