Accessibility links

Шешенстан президенттігінен Кремль қолдауындағы үміткер Алу Алханов република болашағы жөніндегі өз ой-мақсаттарын жариялады


Шешенстан президенттігіне Мәскеу қолдауындағы үміткер Алу Алханов сәрсенбі күні Шешенстандағы диаспора мүшелерімен кездесіп, және баспасөз мәслихатын өткізіп, өзінің болашақ жоспарларымен таныстырды.

Қалай болғанда да, Кремль ұсынған Алу Алханов сайлауда жеңіске жетеді деген болжам бар. Тілшіміздің хабарлауынша, Кремль тартынбастан-ақ, Шешенстанда осы айда болатын сайлауда президенттіктен үміткер ретінде Алу Алхановты ұсынып отыр. Сонымен қастандықпен өлтірілген президент Ахмад Қадыровтың орнына елбасылыққа İшкі істер министрі Алу Алхановтың отыруын қалап отыр. Сайлау тамыздың 29ы күні өтпек. Сондықтан Алхановтың жағдайы өзінің алты бәсекелесі алдындағы беделі әлде қайда жоғары болып тұр.

Тамыздың 19зы күні оны Мәскеуге шешенстандық диаспорамен кездесуге арнайы алып келген. Алхановтың айтуынша, егер ол сайлана қалса алдымен ел экономикасына назар аудармақ.

Алу Алхановтың негізгі мұрат-мақсаты Шешенстанды еркін экономикалық аймаққа айландырып, көлемді инвестиция тарту екен. Бұл жөнінде ол былай дейді.

- Еркін экономикалық аймақты құру үшін салық режимін, кедендік тарифтерді реттеп, өзге де бір қатар жеңілдіктерді кәсіпкер , бизнесмендермен талқылауға дайынмын, - дейді Алу Алханов. Оның есебі бойынша, Шешенстандағы жұмысссыздық деңгейі қазіргі кезде 70 пайыздан асады. Алханов алдағы 5 жыл ішінде 150 мың жұмыс орнын ашып, жұмыссыздықты 15 пайызға дейін төмендетпек екен.

Сондықтан, Алханов диаспора мүшелерін өз атамекеніне қайта оралып, атақонысты қайта құруға шақырады.

- Сіздерден өзге кім бұл халықтың болмысын елдің, ұлттың өз жағдайын дұрыс түсінеді ? Сіздер ғана өз ой-мақсаттарыңыз арқылы өз елдеріңізде кәсіпкерлікке төте жол аша аласыздар, - дейді Алханов.

Сондай-ақ, ол өздерінің өткендегі саяси көзқарастырына қарамай тәжрибелі мамандарды мемлекеттік секторды қайта құруға шақырады.

- Бізге мұғалімдер, дәрігерлер, әлеуметтік саладағы және мемлекеттік деңгейдегі қызметкерлер жетіспейді. Сондықтан, егер президент болып сайлансам мен ол орындарға бәсеке-конкурс жариялаймын. Оған елдегі және шет аймақтағы барлық азаматтар қатыса алады, - дейді Алу Алханов.

Саяси мәселеге келгенде, Алханов Шешенстанның бұрыңғы президенті Аслан Масхадовпен келіссөздер жүргзуге дайынмын дейді. Бірақ ол үшін Масхадов өткендегі өз кемшіліктерін мойындауы қажет екен.

Азаттық радиосының Солтүстік Кавказ бөлімінен Хасин Радуевтің айтуынша, көп нәрсе Қадыровтың сақшыларының Алхановқа деген көзғарасына байланысты.

- Кавказда, әсіресе Шешенстан мен Дағыстанда бір шама сақшы-милиция қызметкерлері бар адам ғана жетекші бола алады. Олар бірер қарулы қақтығыста өзін тіптен құрбан етуге әрқашан дайын тұрады. Сондықтан, оларсыз Алханов Шешенстанның нағыз жетекшісі бола алмайды,- дейді Радуев.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Шешенстанда кемінде 100 мыңдай орыс әскері бар екендігін де ұмытпау керек.

Алхановқа қажетті кезде міне солар көмекке келеді, - дейді Хасин Радуев.
XS
SM
MD
LG