Accessibility links

Моқтада Әль Садр Ирақ үкіметінің талабынан бас тартты


Радикалды шиит жетекшісі Моқтада Әль Садыр Ирақ үкіметінің Ән-Нәджаф қаласын босатыңдар, бірнеше сағаттың ішінде қарусыздаңыздар деген талабынан бас тартты. Бұл жөнінде журналисттерге Моқтада Әль Садрдың көмекшісі шейх Ахмед аш Шейбани жеткізді. Таң ертеңнен бері Ән-Нәджаф қаласында жарылыстардың дыбысы шығып, снайперден оқ атылды. Екі аптадан бері Моқтада Әль Садрдың жақтастары мен АҚШ әскерилері қақтығысып жатыр. Кеше Моқтада Әль Садр егер атыс тоқтатылса, ол өзінің жақтасытарын қаладан әкететінің айтқан. Ирақтың өтпелі кезең үкіметінің мемлекеттік министрі Қассем Дауд Моқтада Әль Садр биліктің айтқанына көнбесе, онда қалаға жаппай шабуыл жасалады, дегенді айтты.
XS
SM
MD
LG