Accessibility links

Қазақстанның банк жүйесінде бетбұрыстар бола ма?


Әлемдік валюта қоры мен Дүниежүзілік банктің тамыздың 11-де әзірлеген қорытынды есебіне сәйкес банктер басымдылық танытып отырған Қазақстанның қаржы жүйесі республикадағы ең бір жылдам дамып отырған экономиканың саласы,- делінген тамыздың 20-сы күні Қазақстанның қаржы рыногын реттеу мен қадағалау бойынша агенттіктің таратқан алғашқы баспасөз хабарламасында.

Бұл құжатта сондай-ақ респубикадағы банктер бәсекелестігі де қазіргі жағдайда қалыпты деңгейде екендігі айтылыпты. Бұған дейін шілденің 30-да премьер-министр Даниал Ахметов үкімет отырысында банк жүйесіндегі монополия қазақстанның индустриалды-инновациялық дауына кедергі келітіріп отырғанын тілге тиек етіп, бұл сала реформалауды қажет ететіндігін айтқан. Бұл пікірді толығымен мен қолдаймын, - дейді Ұлттық банктің бұрынғы басшысы Ғалым Байназаров.

Ғалым БАЙНАЗАРОВ:

- Үкімет шынында да Қазақстанның ірі үш банкі республиканық қаражат рыногын монополиялап алды деп отыр. Бұл сөздің бір жағынан жаны бар. Сондықтан, банк жүйесін әрмен қарай реформалау керек.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанның банк жүйесінде монополия бар екендігі рас:

- Қазіргі жағдайға қарағанда ондай көрініс бар. Мысалы, орта және кіші бизнес өкілдері осы банктерден дұрыс қаражат ала алмайды. Оған қоса нарқыты монополиялап алған банктердің пайызы түспей тұр.

Алайда, бактерде төңкеріс жасайтындай бетбұрыстар, реформалар жуық арада болмайды деген пікірді «Казкоммерцбанк» басшыларының бірі Дәулет Сембаев айтып отыр.



Дәулет СЕМБАЕВ:

- Тек кейбір шаралар қолға алынуы мүмкін. Меніңше, үкіметтің өзі осыған бұрылып отыр», - дейді қаржыгер Дәулет Сембаев.

Халықаралық Standart&Poors агенттігінің мәліметтері бойынша Қазақстан банктерінің жоғары қаржы тұрақтылығы атап өтіледі. Осы орайда, мәселен, қазақстандық банктер ресей банктеріне қарағанда, рейтингі жағынан 2-3 категорияға жоғары, - деп жазылған қаржы рыногын қадағалау агенттігінің тамыздың 20-сы күні жарық көрген екінші баспасөз хабарламасында.

Алайда, ешқандай рейтингтерге сенуге болмайды дейді экономика ғылымдарының докторы, парламент депутаты Серікболсын Әбділдин. Серікболсын ӘБДІЛДИН:

- Банктер ретингін жасауға мүдделі адамдар бар. Солар оны жасатады.

Оның пікірінше, реформалар қажет:

- Банк жүйесінде өзгерістер қажет. Мысалы, осы саланы реттейтін заңды да қайта қарау да бүгінгі күннің тәртібіне ену керек.

Дегенмен, ол соңғы кезде Қазақстанның бірнеше ірі банктерінің тексеріске түсіп, банк жүйесін реттеуді үкіметтің қолға ала бастау шараларыны астарында жеке топтардың мүддесі бар дегенді айтады:

- Олардың арасында бәсекелестік емес, күндестік, көре алмаушылық бар. Олардың бірін жоғары, бірін төмен ұстау - бір адамның қолында. Сол себептен, жанжал туып тұрады.

Ал Дәлет Сембаев үкімет пен банктер арасындағы жағдай алдыңғы аптада болатын олардың кезекті кездесуінде шешілетін шығар деген ойда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG